Жастар би алаңында бас қосты
Музыка, би және екі мәдениеттің үндестігі. Ертіс променад сахнасында жастардың шығармашылығын біріктірген National Festival өтті. Фестивальде қазақтың Q-POP және корейдің K-POP мәдениеті тоғысып, қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Фестивальдің шымылдығы рок тобының өнерімен ашылды. Негізгі бағдарлама би байқауына арналды. Сайыс басталмас бұрын көрермендерге сән үлгісі көрсетілді. Би бәсекесіне алдын ала өтініш берген 19 команда қатысты. Шараның мақсаты жастар арасында заманауи би бағыттарын насихаттап, Q-POP пен K-POP мәдениетіне қызығушылық танытатын таланттарды анықтау.
Өсержан Жолдасбек, фестиваль ұйымдастырушысы
Бірінші блокта бізде көрме болады. көрмеге ойындар кіреді. Яғни, екі направленияға бөлінетін екі ойын болады. Яғни, біз фильмде көретін кореялық ойындар болады. Сосын қазақша ойындар да болады. сосын би батлы болады. Ал екінші блокта кореялық және қазақ билер байқауы болады.
Фестивальге әр команда өздерінің дайындықтарын көрсетіп, бірнеше би бағытын ұсынды. Қатысушылар заманауи хореографиямен қатар K-POP билерін де орындады. Солардың бірі 14 жастағы Мөлдір. Ол биге бала кезінен қызығатын. Алғашында қазақ биін меңгерген жас биші кейін K-POP бағытына қызығушылық танытқан.
Мөлдір Марат, фестиваль қатысушысы
Кішкентай кезімнен биді ұнатқанмын. Содан кейін анам 11 жастан бастап биге берді. Сол кезден бастап билеймін. Биге барып жүргеніме 4 жыл болды. Биге күнде барып жүремін. Сонымен қатар мен тренер болып жұмыс істеймін 14 жасымда. Себебі менің ұстазым мені жақсы көреді. Сол үшін мені екнші мұғалім ретінде қойды.
Фестиваль барысында әр шығармашылық ұжым өз өнерін көрсетіп, көрерменге түрлі би бағыттарын ұсынды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға арналған жалпы жүлде қорын 100 мың теңге көлемінде белгіледі. Қаражат үш жүлделі орын арасында бөлінді.
Сабина Жолдаспаева