Негізгі Жаңалықтар Жасыбай жағасында жаңа құтқару капсуласы ашылды

Жасыбай жағасында жаңа құтқару капсуласы ашылды

Баянауыл ауданының Жасыбай көлінің жағалауында жаңа модульдік құтқару капсуласы ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, ТЖД қызметкерлері мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты. Жағалауда 50-ден астам демалыс орны орналасқан. Шомылу маусымында мұнда күн сайын мыңдаған турист демалады.



Жаңа нысанның басты артықшылығы оның тікелей су жағасында орналасуында. Бұған дейін көлдегі қауіпсіздікті Баянауыл ауылының құтқару бөлімшесі қамтамасыз еткен. Енді қызметкерлер курорттық аймақта тұрақты кезекшілік атқарып, оқиға орнына жедел жетіп, жағалаудағы жағдайды күн сайын бақылауға мүмкіндік алды. 

Шыңғыс Әрінов, ҚР төтенше жағдайлар министрі

Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы. Осындай туристік аймақтардағы демалушылардың қауіпсіздігі, жайлылығы үшін істеліп жатқан нәрсе. Құтқарушылар 24/7 қызмет етуге дайын болуы керек. Ол үшін өздерінің де жағдайы жоғары деңгейде, қажетті құралдарымен дайын боулы керек. Бұл жұмысты тоқтатпаймыз. Әлі ортасындамыз. Көптеген нысандарды жөндеуден өткіземіз, қажет жерде тағы да ашатын боламыз.

Салтанатты шара барысында Шыңғыс Әрінов құтқарушыларға капсула мен жедел-құтқару автомобилінің кілттерін табыстады. Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және жобаны іске асыруға қосқан үлесі үшін бөлімше қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың марапатталды. Жоба жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Серік Төленбергенов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Жасыбай өңіріміздегі ең көрікті туристтік орындардың бірі. Мұнда жыл сайын көптеген демалушылар келеді. Сондықтан, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндетіміз. Жаңа құтқару стациясы қажетті құралдармен қамтмасыз етіліп, құтқарушыларға тәулік бойы жұмыс жасауға мүмкіндік жасалған. Бұл адам өмірі мен қауіпсіздігіне жасалған маңызды инвестиция.

Капсулада кезекшілік бөлмесі, демалыс бөлмесі, тамақтануға арналған орын және санитарлық-тұрмыстық бөлме жабдықталған. Оның жанында техникаға арналған ангар мен бейнебақылау камералары орнатылған құтқару мұнарасы орналасқан. 

Думан Қыдырмоллаев, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары

Көк жолақпен көрсетілген су,а түсуге болатын аймақ. Егер одан асқан болатын болса, қызыл жанып, адамның рұқсат етілген зонадан шығып кеткендігі көрсетіледі. Сол кезде құтқарушылар артқа қайтуын бұйыратын болады. Оған көнбесе барып ескертетін болады.

Камералардан түсетін бейне бөлімшенің пультіне беріледі. Құтқарушыларға жедел-құтқару автомобилі, қайық, байланыс құралдары және қажетті құрал-жабдықтар берілді. Бөлімшенің штатында 10 адам бар, күн сайын кезекшілікке кемінде екі қызметкер шығады.

Азамат Қожабердиев, Баянауыл ауданы ТЖБ бастығы

Олардың ең бірінші мақсаты Жасыбай демалы аймағындағы су айдынындағы және таулы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Екі мың жиырма алтыншы жылдың шомылу маусымында ТЖ қызметкерлері 15 құтқару операциясын өткізіп, 12 адамды құтқарды.

Құтқару нысанының ашылуына келген жергілікті тұрғында да алдағы жұмысқа сәттілік тіледі. 

Демалыс аумақтырының қызметі кеңейіп дамыған сайын, ондағы қауіспіздікті қорғау шарасы да күн тәртібіне шықты. Биыл облыста 7 адам суға кетіп қайтыс болған. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар