Негізгі Жаңалықтар «Халықтық құрылыс» бағдарламасы қолға алынады

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қолға алынады

Елімізде «Халықтық құрылыс» бағдарламасы қолға алынбақ. Оның аясында 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді. 



Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады. Бұл өңірлерде жасалып жатқан жұмыстарға жаңа серпін бермек.

Гүлнар Жүкенова, PHD докторы, қауымдастырылған профессор

Павлодар облысында құрылыс саласы дамуда. Өңірде тұрғын үй құрылысы ғана емес, өнеркәсіптік, инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Ұлттық статистика мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар қыркүйек айларында орындалған құрылыс көлемі 430, 5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың 18,8 пайызға өскен. Осы кезеңге пайдалануға берілген тұрғын үй саны 265 мың шаршы метр құрады. Бұл да өңірдегі құрылыс саласының қарқын алып отырғанын көрсетеді.

Құрылысшыларды дайындау сұрағы да өзекті. Қазір құрылыс, жолдарды жөндеу, сәулет және урбанистика мамандықтары бойынша 900-дан астам студент білім алып жатыр екен. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу