Негізгі Жаңалықтар Мектептегі шахмат үйірмелері

Мектептегі шахмат үйірмелері

2017 жылдан бері өңірде 250 шахмат кабинеті ашылған. Павлодарда мектептердегі шахмат үйірмелеріне қатысатын балалар саны да артып келеді. Бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстар жайлы тілшіміз айтсын. 

2023-2027 жылдар аралығында мектептерде шахматты дамыту бойынша Үкіметпен жоспар бекітілді. Павлодар облысында пилоттық жобаға 5 мектеп еніп, жұмысын бастады. Олар үшін арнайы сабақ жоспары әзірленді. 

Алтын Айтжан, Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы

Мен 4 сыныпта оқимын. Біздің мектепте «білім берудегі шахмат» жбасы жүзеге асуда. Бұл өте балаларға пайдалы сабақ. Әлемдегі әр балаға шахмат керек, өйткені ол бізді ақылды және сабырлы болуға үйретеді.

Айзере Айтбай, Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы

Мен үш жылдай шахматпен айналысамын. Маған өте ұнайды. Өйткені ол қызықты, миды дамытады.

Ұстаздар да мектептердегі бұл жобаны ерекше қолдап отыр. 

Ажар Сейтханова, Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Білім берудегі шахмат жобасы, өте оңтайлы жақсы жоабалрдың бірі деп білемін. Бұл жоба, шахмат сабағы балалардың ойлау қабілетін дамытып, алдағы уақытта дұрыс шешім қабылдауын, нақты өмірде өз орындарын табуға үлкен сеп боладыдеп ойлаймын.

Шахмат адамның ой өрісін дамытып, шыдамдылық пен ұстамдылықты қажет етеді, зейінді арттырады. Өскелең ұрпақ бұл қасиеттерді бойға сіңіру маңызды. 

Сонымен, өңірде 2 мыңнан астам оқушы шахмат үйірмесіне қатысады. Одан бөлек, қосымша білім беру ұйымдарындағы шахматқа да біраз бала барады. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу