Негізгі Жаңалықтар Жеңіске жетелеген би

Жеңіске жетелеген би

Кенжекөл балалар ауылының сегіз тәрбиеленушісі үлкен сахнада өнер көрсету үшін шектеу жоқ екенін дәлелдеді. Олар Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен республикалық би байқауының финалында өнер көрсетіп, екінші орын алып, 1 миллион теңге ақшалай жүлдемен оралды.  


Олардың қаруы сөз де, күш те емес. Олардың тілі – қимыл, ырғақ пен мінез. Сахнада балалар би қимылдарын үйлестіріп, бірінен соң бірі мінсіз композиция құрайды. Әрбір қимыл дәлдік пен шеберлікті талап етеді. Көрермен үшін бұл бірнеше минуттық жарқын қойылым болды. 

Бақыт Жүсіпбекова, Кенжекөл балалар ауылы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Қазіргі уақытта біздің балалар ауылында 70 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар түрлі үйірмелерге қатысады. Арамызда биыл музыка мектебіне түскен, БИЛ-де, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасында оқитын, сондай ақ «Жас сарбаз» бағдарламасына қатысатын балалар бар. Біз олардың бойындағы дарынды байқап, қолдау көрсетіп, жан жақты көмектесуге тырысамыз. Бүгін сіздерге біздің би тобымыз туралы аз кем айтым бергім келеді. Біз хореграфымыз Қуанов Қуаныш Геннадьевич. Оның би үйірмесіне 22 бала қатысады. Соның ішінде 8 ұл бала бар. Олар турнирде жеңіске жетті.

      Байқау облыстық іріктеуден басталды. Алғашқы кезеңде бірінші орын иелену Астанаға жолдама сыйлады. Ал одан кейінгі дайындық жұмыстары басты қойылымға бағытталды. 

Бақыт Жүсіпбекова, Кенжекөл балалар ауылы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Бірінші кезекте облыстық кезең өтті. Облыс бойынша бірінші орын алдық. Содан кейін іріктеу кезеңінен өтіп, Астанаға дайындала бастадық. Костюмдерді таңдадық, биді дайындадық.

Артур биыл екінші жыл қатарынан би билеп жүр. Алғашында бұл жай ғана жаңа нәрсені байқап көруге деген қызығушылық болса, бүгінде сахна оның өзіндік болмысын танытатын ерекше ортаға айналған. Жігіттер көше биімен айналысады. Бұл стильде шектеу жоқ: бастысы – еркіндік, өзіндік ерекшелік пен қозғалыс. Ал Артур қол жеткізген жетістігімен тоқтап қалуды ойламайды.

Артур Скребец, Кенжекөл ауылындағы балалар ауылының тәрбиеленушісі

«Біз би үйірмесіне қатысып жүргенімізге екінші жыл. Биге барған себебім– бұл маған ұнайды. Бұған дейін жекпе-жек өнерімен де айналысқанмын.Біз көптеген байқауларға қатыстық. Біздің биіміз – көше стилі. Бұл – еркіндік.Жалпы, біздің биімізде орындаушылыққа, қимыл-қозғалысқа басымдық беріледі.

Республикалық байқауда екінші орын иелену – үлкен жетістік. Алайда балалар үшін ең басты марапат миллион теңге емес, еңбектерінің еленіп, армандарына қарай жасаған қадамы. Ал Кенжекөлден шыққан бұл топтың жарқын өнері әлі талай көрерменді тәнті ететініне үміт мол.

   

Самал Қалиқызы 


Бөлісу