Негізгі Жаңалықтар «Музыкалық жанұя» ансамльдер байқауы өтті

«Музыкалық жанұя» ансамльдер байқауы өтті

Павлодарда үздік отбасылық ансамбль анықталды. Байқауда 40 тан астам жанұя бақтарын сынады. Толығырақ тілші сюжетінде



Бұл «Музыкалық жанұя» ансамльдер байқауының ең кішкентай қатысушысы, 4 жастағы Ерсұлтан Батырхан. Ата анасымен үлкен сахнаға шығып, өнер көрсетті. Жалпы Кенжехановтар отбасы өте өнерлі және сол өнерді ұрпағына дәріптеуде. 

Дамира Садықова, қатысушы

Осы конкурс болады дегені біз жақсы дайындалдық. Екі дауыста «ЕрТұран» күйін орындадық. Ұлымыз ұрмалы аспаптарда ойнады. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды сақтап, домбыраны қадірлеп, дәріптеу борышымыз де санаймын. Ең басты мақсаттарымыздың бірі.

Бұл байқауға өңіріміздің түкпір түкпірінен 40 тан астам отбасы, 86 адам қатысты. Жоба «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылады.

Әсем Аипова, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері

Конкурсымыздың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасының мәдениетін, әдебиетін, отбасы ішіндегі қарым қатынасты нығайту. Отбасы өнегесі Отан өнегесі дейді қазақ халқы. Осы арқылы қарым қатынасты көтеріп, нығайтып жатырмыз. Сонымен қатар, олар осы конкурстарға қатысу арқылы достықтарын нығайтады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға сый-сияпаттар табысталды. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу