Қатерлі ісікті ЖИ-мен ерте анықтауға болады
Енді жасанды интеллекті көмегімен қатерлі ісік ошақтарын ерте анықтауға болады. Облыстық онкологиялық орталықта жаңа жүйе іске қосылды. Оның мүмкіндіктері жайлы тілші сюжетінде.
Әлем бойынша өкпе және сүт безінің қатерлі ісігі көш бастап тұр. Сондықтан, обырдың осы түрлерін ертерек анықтау үшін жасанды интеллект қолданылмақ.
Павлодар облысы онкологиялық испансерінде есепте қазір 15 мыңға жуық адам тұр. Жыл сайын есепке 2 мыңға жуық адам алынады екен.
Жоба қолға алынғалы 148 рентген және радиолог маман оқытылды. Одан бөлек, жалпы тәжірибелік дәрігерлер де оқытудан өтті. Жүйеге емделушілер жайлы біраз ақпарат енгізіледі. Сондықтан қауіпсіздік сұрағы алғашқы орында болу керек деді, әкім.
Жаңа жүйе өкпедегі 2 мм-лік қатерлі ісігін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға Павлодар облысы бойынша 22 ұйым енгізілген.
Самал Қалиқызы