«Жасыл ел» еңбек жасағының үздік сарбазы
Екібастұз қаласы
Екібастұздық жас «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы облыс көлемінде «Үздік сарбаз» атанды. Екі маусым қатарынан еңбек етіп, қаланы көркейтуге үлес қосқан Нұрымжан Серікұлы бұл марапатқа лайық деп танылды.
Нұрымжан Серікұлы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында екі жыл бойы еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол өзге жастармен бірге қаланы абаттандыру, тазалау, жасыл желек отырғызу жұмыстарына атсалысқан. Жасақ жұмысының қорытындысы шығарылған маусымның жабылу салтанатында оның еңбегі ерекше бағаланды.
Нұрымжан Серікұлы, Екібастұз қаласы «Жасыл ел» жасағының сарбазы
Көптеген жұмыс өткізілді. Айтып кететін жайт, жастар орталығымен ұқосылып көп жұмыс атқардық. Саябақтар, көшелер мен ескеркіштерді тазаладық. Кеншілер саябағында 800 ағаш отырғыздық жастармен бірге.
Оның айтуынша, биылғы еңбек маусымында штабта 50-ден астам жас жұмыс істеген. Олар қала тазалығын сақтаумен қатар, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысқан.
Сабина Жолдаспаева