Негізгі Жаңалықтар Тұрғындармен кездесу

Тұрғындармен кездесу

Біз «Қала жаңалықтары» айдарында облыс орталығындағы оқиғалармен бөлісіп отырамыз. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков ауланы асфальттау жұмыстарынан кейін анықталған олқылықтар бойынша қала тұрғындарымен кездесті. 

 

Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі

(Ер адам): Модернизацияға қатысты өтініш жазылған.

(Ер адам): Нөсер су кәрізі дұрыс салынбаған, мердігер оны міндетті түрде қалпына келтіруі тиіс еді. Бірақ сонымен жоғалып кетті. Кепілдік мерзімі бар, бірақ ол кісіні таба алмай отырмыз.

(Әйел): Оған 30 шілдеге дейін мерзім берілген. Мұның барлығы жазылған.

(Ер адам): Біз мердігермен байланысып, жаздың соңына дейін кемшіліктерді жоюды талап еттік.Содан кейін байланысқа шықпай қойды. 

(Ер адам) Хабарлама жіберілді ме? Оны үш рет жіберу қажет. Мердігер келіп, кемшіліктерді түзетсін. Мен бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Мердігерді іздеп, табуға тырысамыз. Егер ол байланысқа шықпаса, сот арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге міндеттейміз. Кепілдік мерзіміне алаңдамаңыздар – сот процесі жүріп жатқан кезеңде оның кепілдік міндеттемелерінің мерзімі тоқтатыла тұрады. Қалай болғанда да, бұл мәселені шешеміз.

(Әйел): Екі күн ішінде сметаны беруді сұраймыз.

(Ер адам): Ешқандай мәселе жоқ. Сметаны ұсынады, сіздер оны мұқият зерделей аласыздар. Біз ең алдымен тұрғындардың мүддесін қорғаймыз.

(Әйел): Ағаштарды бұтау мәселесі де бар. Бізде апатты жағдайда тұрған ағаштар бар. Сондай-ақ асфальт төсеу және жасанды жол кедір-бұдырларын (ИДН) орнату қажет.

(Ер адам): Ағаштарға қатысты айтатын болсақ, тұрғындардың жалпы санының 51%-ынан қол жинап, қандай ағаштарды кесу керектігін көрсетсеңіздер, біз оларды кесеміз. Ал апатты жағдайда тұрған бұтақтарды еш кедергісіз, тіпті ертең-ақ кесуге болады. Жасанды жол кедір-бұдырларын осы апта ішінде орнатамыз. Асфальт төсеу мәселесін зерттеп, келесі жылдың жоспарына енгіземіз. Келістік пе?

 (Ер адам): Сіздердің қандай мәселелеріңіз бар?

(Әйел): Біздің үйдің шатыры арқылы бірнеше жылдан бері электр кабелі тартылып тұр. Ол біздің шатыр арқылы өтеді. 

(Әйел): Қоқыс контейнерлері орналасқан жерге асфальт төселген кезде, ол жер шұңқыр болып қалған. Соның салдарынан үнемі су жиналады. Сондай-ақ қоршау орнату мәселесі де бар.

(Ер адам): Алдымен электр кабелі мәселесін қарастырайық. Кабельді жер астымен жүргізу қажет. Сіздер осы трансформаторлық қосалқы станцияға қосылуларыңыз керек қой. Электрмен жабдықтауды талапқа сай реттеп, жаңа кабель тарту қажет. Мұнда қандай мәселе бар? Мұны мен істеуім керек пе? Бұл жұмысты инвестициялық бағдарламаға енгізіңіздер. Үйіңіз осы трансформаторлық қосалқы станцияға қосылған екен, онда электрмен жабдықтауды тиісті деңгейде қамтамасыз етіңіздер. Кабель жер астымен жүргізілуі тиіс. Көктемде кабельді жер астымен тартып, сол мезетте абаттандыру жұмыстарын да қалпына келтіреміз. Ал бетон плиталарға келетін болсақ, оларды алып кету қажет. Сондай-ақ судың неліктен жиналатынын тексеріңіздер. Егер асфальт төсеу қажет болса, оны тек көктемде ғана орындай аламыз. Келістік пе?

(Әйел): Бізге осылай жиі келіп тұрңызшы. Мәселелерімізге осылай жылдам жауап беріп жатқандарыңызға рақмет! Кеше ға сізге жазып едік, бүгін бізге келдіңіз. 



Бөлісу