Негізгі Жаңалықтар Павлодарлық алып мамонтқа ат қойылды

Павлодарлық алып мамонтқа ат қойылды

Павлодарлық алып мамонтқа ат қойылды. Ең үздік есім байқау негізінде таңдалған. Ол байқауға өңір тұрғындары қатысты.

Алып мамонттың қаңқасы – Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ең танымал жәдігерлерінің бірі. Енді алып жануардың өз есімі бар. Өңір тұрғындары қатысқан байқау нәтижесінде таңдалды. Байқаудың басты шарты – есте сақтауға жеңіл, қысқа әрі мағыналы атау ұсыну болды.

Павлодарлықтар бұл жаңалықты қуана қабылдады. Олардың пікірінше, мұндай бастамалар туған өлкенің тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Павлодарлық мамонттың тарихы терең. Жәдігердің биіктігі – 2 метр 38 сантиметр, ал сақталған азу тісінің ұзындығы – 1 метр 80 сантиметр. Қаңқаны қалпына келтіру кезінде өңір аумағынан әр жылдары табылған сүйектер пайдаланылған. Азу тістерінің бірі 1968 жылы Ертіс ауданынан табылса, жіліншік сүйегі 1952 жылы Ертіс жағасындағы Қазқонақ маңынан табылды. Бұл олжалар мыңдаған жыл бұрын Ертіс өңірін қандай алып жануарлар мекендегенін елестетуге мүмкіндік береді. Енді «Ertis» музейіндегі екінші мамонтқа және алып мүйізді бұғыға да есім таңдау мүмкіндігі қарастырылып отыр. 



Бөлісу