Шарбақтыда жаңа ветпункт бой көтерді
Шарбақты ауданы
Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан негізгі кәсібі – мал шаруашылығы әлі де маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгінде төрт түлік бағып отырған Шарбақты ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық: елдімекенде заманауи ветеринарлық пункт ашылды. Толығырақ әріптесім жалғастырады.
Биыл Шарбақты ауданында екі ветеринариялық пункт пен үш мал қорымын салу жоспарланған. Мамырда басталған құрылыс аяқталып, қазір тиісті құжаттар рәсімделіп жатыр. Ал бұл аталған жаңа нысандардың бірі – Шарбақты ауылындағы ветеринариялық пункт.
Бақытбек Жәмихат, Шарбақты ауданы ветеринариялық станциясының басшысы
Бүгінгі күні бұл ветеринарлық пункттің құны – 30 млн теңге тұрады. Қосымша загондар – бәрі салынды. Ветеринариялық көктемгі, күзгі қан алу, вакцина жасау жұмыстарына ыңғайлы болып саналады бұл. Заманауи ветеринарлық пункт. Бұл ғимараттың аумағы – 60 кв. Оның ішінде екі кабинет ветеринариялық мамандарға арналған, бір кабинет – холодильник, вакциналар сақталынатын болады. Загон, расколдың квадратурасы – 428 кв.
Спикердің айтуынша, Шарбақты ауылында үш мыңдай ірі қара, сегіз мыңға жуық қой, бес мыңнан астам жылқы және мың жарым шошқа тіркелген. Ел игілігіне берілетін бұл нысан мал дәрігерлерінің жұмысын тиімді етіп қана қоймай, мал иелеріне де қолайлылық тудырмақ. Ал қарашадан бастап ауылдың барлық ветеринарлық жұмысы осы жаңа ғимаратқа көшіріледі.
Бақытбек Жәмихат, Шарбақты ауданы ветеринариялық станциясының басшысы
Біріншіден, ветеринариялық мамандарға ыңғайлы болады, өйткені әр аулаға бармайды. Көктемде малдарды бір табынмен әкеліп, осы раскол арқылы қан алып, вакцина жасалады. Халыққа да ыңғайлы, әркімнің ауласына кірмейді ветеринар. Осы жерде қан алу вакцина алу – барлығы осы жерде жасалынады. Кейбір жағдайда мұнда қосымша трап қосылған. Трап арқылы малдарын халыққа ыңғайлы сатуға және жеке өзінің соғымын алуға, өз малын осы жерден алып кетуге болады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынғаны белгілі. Бұл бағытта ауылдық жерлерде де ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Осы орайда Шарбақты ауылында келесі жылы жаңа ветеринариялық клиника бой көтереді деп күтілуде.
Жұлдыз Қабылденова