Павлодар облысында 30 шұғыл көмек көрсету ауруханасы бар. 14-і жеке меншікте. Барлығында мемлекеттік тапсырыс бар. Мәселен, «Мит-Фармс плюс» мекемесінде 9000 нан астам адам тіркелген.
Рымжан Әлиева, «Мит-Фарм+» ЖШС директорының орынбасары:
Ғимарат биік үйлердің жанында орналасқан. Клиникада 100% білікті мамандар жұмыс істейді. Үш учаскенің орнына 6 учаске құрылған. Әр учаскеде 1 440 адам тіркелген.
Екібастұз қалалық №1 емханасы мемлекеттік жекешелік әріптестік арқасында жұмыс істейді. Бір апта бұрын мұнда шұғыл көмек көрсету орталығы ашылды.
Сәуле Аязбаева, "ДИСКОНТ" ӨК бас дәрігері (Екібастұз):
6 443 халқы бар төрт учаске, сонымен қатар 10 840 адамнан тұратын бес терапиялық учаске бар. 4 тамызда 65 жастан асқан адамдарға сапалы қызмет көрсету үшін геронтолог кабинеті ашылды.
Жауапты басқарма басшысының сөзінше, тұрғындар нөмірі 1 емхана мен төртінші емхананың жұмысына жиі шағымданады. Олар маманның қабылдауына жазылу, қоңырау шалу барысында қиындықтар барын жеткізген.
Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Шағымдарды болдырмау үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша инновациялық әдістерді іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Онда № 3, 4, 5 емханалардың үлгісі бойынша кабинеттік тіркеу орнын, мейірбике бекетін енгізу жоспарлануда.
Өңірде белгілі бір мамандардың тапшылығы бар. Бүгінде облыс бойынша 59 дәрігер жетіспейді.
Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Өткен жылы 16, биыл-14 маман келді. Отоларинголог маманның жоқтығы - күрделі мәселе.
Сондай-ақ, Павлодар облысында аллерголог, нефролог және гастроэнтеролог дәрігерлерінде тапшылық бар. Екі жылдан кейін аймаққа 120 жас дәрігер келеді деп күтілуде.
Аяулым Рахымжанова, Мұрат Абілмажит