Асыл дінімізде өзгелерге ас-су беру сауабы мол амал. Ал қасиетті Рамазан айы ішінде оның шарапаты шексіз. Рамазан айының шарапаты мен сауабы тек ораза ұстаумен ғана шектелмейді. Бұл айда жасалған амалдарымызға еселеп сауаптан жазылмақ. Сол сауабы мол амалдың бірі - аузы берік жанға ауыз аштыру
Кімде кім ораза тұтқан жанның сумен, құрмамен немесе дастархан жайып аузың аштырса, отыз күн Ораза тұтқандай сауабың алады. Мәшхүр Жүсіп орталық мешітінде қасиетті айда отыз күн ауыз бекіткен бір топ мұсылман қауымға арнайы дастархан жайылды. Оған мұрындқ болған жан Нұржамал қажы Тащанова. Бұл оның жасап жүретін игі істерінің бірі ғана. Алланың сүннеттерін іске асырумен жүретін жан жүрегінде жарлы жақыбай, әлсіздерге үнемі орын бар:
Асыл дінімізде өзгелерге ас-су беру сауабы мол амал. Ал қасиетті Рамазан айы ішінде оның шарапаты шексіз:
Жиын барысында Рамазан айының құндылығы, ораза ұстаудың пайдасы туралы жан-жақты мәліметтерге толы уағыздар айтылды. Нұржамал қажы тек Павлодар өңірі емес, еліміздің әрбір аймағына барып, ауыз аштыру рәсімін өткізуде.
Гүлсім ҚОБЖАНОВА