Екібастұз қаласында «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңі өтті. Оған шһарға ғана емес елге еңбектері сіңген іргелі әулеттер қатысты.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Сондай өнегелі, еңбек құндылығы шаңырағына қонған бееркелі әулеттердің бірі Тұрсынбаевтар отбасы.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік деп танылған 20 отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Ал, Екібастұз қаласында өткен байқау қорытындысы бойынша Тұрсынбаевтар және Самотаевтар отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Қатысушылардың баршасы өнерлерін ортаға салып, кеншілер шаһараның рухын асқақтатты.

Жанасыл Серікбол