Өңірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары келді. Дәрігерлер 9-13 маусым күндері облыста жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Басты назар қыз балаларды жатыр мойны обырына себеп болатын адам папиллома вирусына қарсы вакцинаның маңыздылығы туралы жеткізу.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы тренинг өтті. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мен облыстық дәрігерлер қатысты. Кездесуде жатыр мойны обырының таралуы мен өлім-жітім деңгейі сарапталды. Халықаралық тәжірибе негізінде бұл аурудың алдын алудың тиімді жолдары түсіндірілді.
Нұршай Әзімбаева, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкілі
Адамдар егер осы вакцинацияының маңыздылығы мен пайдасы туралы көбірек білсе, әр ата-ана өзінің баласының денсаулығына жауапкершілікті сезіне біледі. Вакцина арқылы алдын алу тәсілдерін білсе, әр ата-ана өзінің қызына вацина алар еді. Себебі әр ата-ана вакцина жайлы қажетті ақпаратты білетін болады, қауіпсіздігі туралы ақпаратты көп алады. Сол себепті осы шара ұйымдастырылып отыр.
Мамандар ата-аналарды жасөспірім қыздарды уақытылы вакцина алуға шақырады. Себебі бұл екпе болашақта обырдан қорғайтын сенімді жолдардың бірі. Жиын барысында ашық пікір алмасу өтті. Көпшілікті қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Нұршай Әзімбаева, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкілі
Бүгінгі күнде 135 мемлекет осы вакцинаны жүргізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша көптеген елдер оның ішінде Австралия, АҚШ мемлекеті ең біріншілерінің бірі болып енгізген вакцинаны. Қазіргі кезде осы мемлекеттерде сырқаттың таралуы, обыр ауруының көп деңгейге төмендеді. Ал біздің көршілес мемлекеттер осы АПВ қарсы вакцинаны жүргізеді.
Мамандардың айтуынша, адам папиллома вирусына қарсы вакцина қауіпсіз әрі тиімді әдіс. Ол әлемнің көптеген елдерінде жатыр мойны обырының көрсеткішін едәуір төмендетуге мүмкіндік берген.
Сабина Жолдаспаева