14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл ерекше күн жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Мақсаты ерікті донорларға алғыс білдіру және қан тапсырудың маңызын қоғамға түсіндіру.
Қан – адам ағзасында алмастырылмайтын жалғыз сұйықтық. Оны жасанды жолмен жасап шығару мүмкін емес. Сондықтан, қанға мұқтаж жандарға жалғыз көмек ерікті түрде қан тапсыру. Павлодар облысында бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізіледі. Облыстық қан орталығының мәліметінше, мұнда күн сайын орта есеппен 50-ге жуық адам донор болуға келеді.
Меруерт Қаденова, Павлодар облыстық қан орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері
Тұрақты донорларымыз дегеніміз. Жылына 4рет тапсыратын донорлар. Әрине олардың қауіпсіздігіне баса назар аударамыз. Павлодар облысытқ қан орталығы яғни бір орталық. Осында келіп тапсыруға болады. Және ай сайын Ақсу, Екібастұз қаласына шығып отырамыз. Негізі донор келген кезде қанның құрамындаға гемоглобин, қан тобын анықтаймыз. Тексеріс өтеді. Негізінде әр донор 2 ай сайын қан тапсыра алады. 60 күн аралық болу керек.
Жалпы, бір адамнан 450 миллилитр қан алынады. Осы мөлшер бірнеше адамның өмірін сақтауға жетуі мүмкін. Қан түрлі жағдайларда қажет болады. Жол-көлік оқиғаларынан, ауыр операциялар кезінде, аналар босанған соң немесе онкологиялық сырқаттарды емдеуде. Жылына 12 мың адам қан тапсырады.
Диас Кәрімбек, қатардағы тәртіп сақшысы
Бірінші рет колледже 1 курста қан оратылығына донор болдым. Сол кезден бастап 5 жылдай тапсырамын. Адамдарға көмегім тигендей. Әріптестермен бірге келдік бүгін мұқтаж жандарға көмектесуге. Қан тапсыруға.
Қан тапсыру – тек медициналық емес, адамгершілік тұрғысынан да маңызды қадам. Павлодар облысында донорлар қатары жыл сайын артып келеді. Айта кетейік, кәмелет жасқа толған, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар донор бола алады.
Сабина Жолдаспаева