Павлодарда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиын ауылшаруашылығының жай-күйі мен оны дамыту мақсатында болды. Сондай-ақ, бірқатар маңызды мәселелер де талқыланды. Бұл туралы толығырақ тілші жалғастырады.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындары өндірген өнімді қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын құру мәселелері жөніндегі Комитеттің көшпелі отырыс өткізудегі маңызы зор. Жиында сөз алған облыс әкімі Асайын Байханов Павлодарда ауыл шаруашылығын әртараптандыру, жаңа технологиялар енгізу және өнімділікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бүгінгі таңда біз өзімізде 19 әлеуметтік маңызы бар тауарларын 16-мен толықтай қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ, сүт,картоп, сәбіз, қарақұмық өндіру бойынша еліміздің топ 3 өңіріне кіреміз. Бұған қоса облыс суармалы егіншілікке ылғал үнемдейтін технологиялар бойынша көшбасында тұрғанын айтқым келеді. Ел Президенті бастамшылдық еткен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біз әр кәсіпорынмен сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша тиянақты жұмыс жүргізудеміз.
Биыл өңіріміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 1687 мың га құрап отыр.Сондай-ақ, өнімдерді экспорттау 2024 жылмен салыстырғанда үш есе астам өсіп, жалпы экспорт көлемі 60 пайызға дейін жеткен. Алдағы үш жылда бұл салада құны 100 млрд.теңге болатын 57 жобаны іске асыру жоспарда бар.
Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
Облыс соңғы бірнеше жылдар ішінде салаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша республикада көш бастап тұр. 2024 жылы ауыл шаруашылығына салынған көлем 250 млрд.теңгені құрады. Біздің өңірдің ауыл шаруашылығы ,мен суармалы егіншілікке , мал шаруашылығы да тұрақты өсуді көрсетеді. Облыс су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша республикада көшбасшы орында тұр. Ағымдағы суармалы жерлердің ауданы өткен жылы 4000 мың га ұлғайып, 82 мың га құрады
Жиында Үкімет ерекше көңіл бөліп отырған «астықты терең өңдеу» саласы сөз болды. Қазіргі таңда инвестордар тартуда 3 жоба іске асырылып, бұл мақсаттағы бірқатар шаралар жүзеге аспақ.
Ербол Тасжүреков, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі
Терең өңдеуді ынталандыру бойынша инвестициялар, субсидиялар ережесінде технологиялық күрделігі жоғары өнімдерді өндіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту кезінде инвесторлар шығындарын 50 пайыз мөлшерінде өтеу көзделген.
Сенаторлардың айтуынша, ел болашағы ауылмен тығыз байланысты. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын көбейту қажет.Себебі, бүгінде өндірісте көбінесе шетелдік технологиялар мен әдістер қолданылады.
Әли Бектаев, ҚР парламенті сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы
Қазіргі нарықтық заманда біз ауыл шаруашылығы өнімдерін жай өңдеумен ешкімді таңғалдыра алмаймыз...қайта өңдеудің терең процестері бірінші орынға шығып жатыр
Айта кетейік, кездесуге қатысқандар өздерің толғандырған сұрақтарын қойды. Көшпелі отырыстың нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін Үкіметке ұсынымдар жіберілетін болады.
Қымбат Садық