Павлодар облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Конституцияның 30 жылдығына арналған форум өтті. Форумда Әділет депаратменті мен қалалық соттың өкілдері, билер кеңесінің мүшесі мен университет оқытушылары баяндама жасады.

Биыл елдіңгіміздің басты тірегі Ата заңның қабылданғанына 30 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы құқықтық, зайырлылық ұстанымдарын негізге алды. Елдің ең басты байлығы адам екендігі әуелгі бапқа жазылды. Форумға жиналған жастарға спикерлер құқықтық қоғамның маңыздылығы жайлы айтты.

Заң, құқықтық салада тәжірибесі мол спикерлер нақты мысалдар арқылы адам құқықтары мен бостандықтары қалай қорғалып жатқандығы жөнінде кеңінен баяндады.

Жанасыл Серікбол