Павлодарда облыстық ардагерлер сапартиакадасы өтті. Бүл жолғы спорттық бәсеке жеңістің 80 жылдығына арналды. Жарыстың ашылу салтанатына біздің түсірілім топ куә болды.
Ардагерлер қоғамдық өмірде ғана емес, спорта да белсенді. Ұйымдастырылған жарыс осыған куә. Ғұмырларын әр түрлі салада елге еңбек етумен өткізген ардагерлер зейнет жастарын осылай мазмұнды, сапалы өткізуді дәстүрге айналған. Бұл жолғы бәсеке биылғы үлкен датаға арналды.
Жарысқа облыстың барлық қаласы мен аудандарынан командалар келді. Жиыны 130 ардагер спортшы өз мүмкіндіктен сынамақ. Баршасы да спорттың, жақсы өмір сүруге ұмтылудың жасқа қармайтындығын дәлелдемек. Бұл тұрғыдағы қолдауларға алғыстарын білдіреді.
Талғат Мамашев, Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің спорттық-сауықтыру жөніндегі комиссиясының төрағасы
Әрине бізге тиісті мемлекеттік мекемелер қолдау көрсетуде. Облыстық спорт басқармасымен әркез бірлесіп әр түрлі шаралар атқарамыз. Облыстық, қалалық, аудандық ардагерлерк кеңесі де әрқашан өз белсенділіктерін танытып, осындай бәсекелердің жоғары деңгейде өтуіне ат салысуда.
Үстел теннсиі, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол добын шеңберге лақтыру сияқты төрт спорты түрінде бақ сынасты.
Жанасыл Серікбол