Екібастұз қаласында құқық қорғау саласындағы жұмыс жаңа деңгейге көтерілді. Бұл мақсатта «Жедел басқару орталығы» өз жұмысын бастап та кеткен. Құрылым полиция қызметінің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Жаңа орталықтың мүмкіндіктері арқасында тәртіп сақшылары енді нақты уақытта қаланың қауіпсіздік жағдайын бақылап, құқық бұзушылықтарға шұғыл әрекет ете алады. Көшелерде орнатылған 78 бейнебақылау камерасы арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Жедел басқару орталығының жұмысы барысында түрлі ұсақ құқық бұзушылықтар да анықталып үлгеріпті. Алдағы уақытта тағы 60 камера орнату жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде бүкіл қаланы толық қамтитын бақылау жүйесін қалыптастыруға жол ашпақ.
Қымбат Садық