Алдағы он күн бойы — IQanat республикалық олимпиадасының финалы өтеді. Білім бәскесінде сыналу үшін облысымыздың әртүрлі аудандарынан 28 мектеп оқушысы Алматыға аттанды.

Жыл бойы ел бойынша ауыл мектеп оқушыларын қолдауға бағытталған ауқымды IQanat олимпиадасы өтті. Бірінші кезеңге 50 мыңнан астам оқушы қатысты, соның ішінде ең дарынды әрі мақсаты айқын мың оқушы финалға шықты. Ақтық кезең Алматыда өтеді. Онда барлық өңірлерден финалистер жиналады, соның ішінде біздің облыстан 28 қатысушы болады. Жастарды тек академиялық білімдерін тексеру ғана емес, мазмұнды білім беру мен қызықты мәдени бағдарламаға қатысады.

Сандуғаш Матаева, IQanat қорының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі

Балалар әрине алдымен олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысып, бақтарын сынау үшін бара жатыр. Бұдан бөлек көптеген кездесулер мен тренингтер жоспарланған. Еліміздің танымал тұлғаларымен бірлескен әр түрлі шаралар өтеді. Алматы қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады. Ең сындарлы сәт олимпиада финалы Медеуде өтеді. Оқушылар математика және оқу суаттылығы, логикалық ойлау, ағылшын тілі және таңдау пәндері бойынша сынақ тапсырады. Бұл үлкен мүмкіндік. Облысымыздан жыл сайын 2-3 оқушы Айқанат мектебіне қабылданады. Былтыр бір оқушы толық, үш оқушы жартылай гранттың иегері атанды.

IQanat — ауыл мектеп оқушыларына сапалы қосымша білім беру мүмкіндігін ұсыну мақсатында қазақстандық кәсіпкерлермен бірлесіп құрылған әлеуметтік-білім бастамасы. Жоба шалғай аймақтардағы балаларға жаңа мүмкіндіктер аша отырып, олардың әлеуетін ашуға көмектеседі. Финалистердің басты межесі— Iqanat тың Бурабайдағы мектепке берілетін оқу гранты.

Жанасыл Серікбол