Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Парламенттің жоғарғы палатасының аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің депутаттары өңіріміздегі кәсіпорындарды аралады. Кәсіпорындарда республикалық деңгейде қана шешуге болатын өткір мәселелер баршылық. Бұл түйіткілді сұрақтар шешімін табады ма? Оған куә болып қайтқан әріптесіміз толығырақ тарқатады.
Алдымен сенаторлар өңіріміздегі кәсіпорынның бірінде шығарылып жатқан өнім түрлерімен танысты. Олардың айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қайта өңдеу өнеркәсібі отандық экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Мұнан кейін олар диірмен өндірісіне барды. Кәсіп иелері күрделі мәселелер бар екендігін жасырмай, диірмендердің қазіргі ахуалын ащық айтты.
Жанар Серімова, Павлодар облысы өңдеушілер қауымдастығының төрағасы
Облыста 21 диірмен бар, бірақ соның тек 8-і ғана жұмыс істеп тұр. Оның өзі небәрі 30 пайыз қуатпен жүктелген. Бұл – тұрақты шикізаттың жетіспеуінен. Біздің кәсіпорындар жыл он екі ай бойы бидай сатып алуға дайын, бірақ ол бізге жетпейді.
Оның айтуынша, арзан бағадағы қазақстандық бидай көршілес Ауғанстан мен Өзбекстанға экспортқа кетіп жатыр. Ал отандық қайта өңдеушілер нарықтан тыс қалуда. Жағдайдың ушығуына Ресей ұнының басымдылығы да әсер етуде.
Жанар Серімова, Павлодар облысы өңдеушілер қауымдастығының төрағасы
Біз бидайдың экспортын қолдаймыз. Бірақ бидайды ұнға айналдырып сату тиімдірек емес пе? Қазір барлық нарықтар ресейлік ұнмен толып кеткен. Біздің сала 14 жылдан бері стагнацияда, яғни бір орында ғана тұрып қалғандай. Бұрын мысалы 150 диірмен болса, қазір оның жартысы мал азығына арналған ұн ғана шығарады.
Ербол Тасжүреков, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі
Масткличка бойынша экспортты қойдық ғой. Соны енді производил айтады жіберіңіздер деп, өйткені Қытайдың бағасы бізге өтеді, тиімді дейді. Оған біздің зауыттар загрузка 40-50 пайыз деп,Егер оын алып тастасақ шикізатсыз қаламыз дейді, сондықтан бұны тиімді жасау керек.
Кәсіпкерлердің айтуынша, қосылған құн салығында қайтаруда күрделі болып тұр. Бірақ олардың айтуынша, бастысы шикізаттың тапшылығы. Сондықтан сенатор Әли Бектаев бұл мәселе өте маңызды екендігін атап өтіп, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізетін айтты.
Әли Бектаев, ҚР парламенті сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы
Дұрыс айтып жатыр. Біз өзіміз астық өндіретін мемлекетпіз. Бірақ өкінішке орай біз сыртқа ұн шығармаймыз, астығымызды шикізат ретінде көбірек шығарамыз. Оның өндірісі құлдырап барады..Ол нарықтық замандағы ең үлкен заң.
Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу – тек экономикалық тиімділік қана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды іс. Сондықтан «шикізат жоқ» деген сөз – тек диірмендердің ғана емес, барлық саланың тоқырауына әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселені тұрақты түрде шешу уақыт еншісінде.
Қымбат Садық