Екібастұз қаласында Қызыл кітапқа енген бірқазан құсы табылды. Наурыз айында ұшып келіп, қарашада жылы жаққа ұшып кететін бірқазанның қанаттары жараланғандықтан, ұша алмаған. Тұрқы шағын болғанмен, ұрты қазандай кең құс өнеркәсіп маңынан табылған. Оны қала тұрғыны арнайы ветеринарлық клиникаға тапсырған. Қазір бірқазан Павлодарға әкелінді.

 

Бірқазандар Каспий, Арал теңіздерін және Балқаш көлін мекендейді. Дене тұрқы 2 метрге дейін, ал салмағы 13 келіге дейін жетеді. Өздерінің алыптығына қарамастан, ұшатын кезде жүгірмей-ақ аспанға тез көтеріледі. Тұмсықтары өте ұзын, бірақ аяқтары қысқа. 60-80 сантиметр ғана. Олар топтанып жүріп, күніне 1,5 -2 келі балық жейді. Сирек кездесетін құс болғандықтан, 1986 жылдан бастап Қызыл кітапқа енгізілген.

 

АЙСАНА ЖӘКЕШ – орман шебері

Бірқазан Екібастұз қаласының өндіріс кәсіпорын маңынан жараланған күйінде табылған. Сұр түсті бірқазанды тауып алған тұрғын оны ветеринарлық клиникаға тапсырған. Одан кейін, облыстық аумақтық инспекциясы әкелінді. Енбі біз бұл құсты  Ақсудағы түрлі жан-жануарларды қабылдайтын стансаға апарамыз.

 

 Жалпы бірқазандар суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды. Жемін суға басы мен ұзын мойындарын батырып жіберіп ұстайды. Қазір бұл бірқазанның қанаттары жараланғандықтан, балықтарды қолмен әкеп беруге тура келеді.  Ол күніне 700 грамм балық жейді.

Ақмарал ЕЛШІН