Бүгін Облыс орталығындағы Шахмат үйінде Мемлекеттік қызметші күніне орай шахмат және тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік шараға 40-қа жуық маман қатысты. Турнирдің мақсаты – қызметкерлер арасында бірлікті арттыру, ойлау қабілетін дамыту және салауатты өмір салтын қолдау. Толығырақ тілші сюжетінде.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған спорттық турнир — олардың жан-жақты дамуына, кәсіби әрі тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашатын маңызды алаң. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұжым ішінде серіктестік пен бірлікті арттырады.
Руслан Иманқұлов, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары
Бүгін біз спорт және туризм басқармасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер күніне орай тоғызқұмалақ пен шахмат арасында турнир өткізіп отырмыз. Турнирдің максаты мемлекет қызметшілерінің мемлекеттік қызметте ғана емес және спорт саласында да жетістіктерге жетсін деген үмітпен осындай турнир өткізіп отырмыз.
Айта кетейік, топ ішінен сыдырылып жеңіске жеткен қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Және қосымша үздік деп танылған мемлекеттік қызметкерлерге бөлек мадақтау қағаздары берілмек. Сондай-ақ, шараға қатысушылардың арасында тәжірибелі ойыншылармен қатар, әуесқойлар да бар.
Асылбек Құсаинов, Ертіс ауданы Майқоңыр ауылының әкімі
Мемлекеттік қызметші күніне арналған іс-шараға өз үлесімді қосып қатысып отырмын.Осындай спорттың түрі тоғызқұмалақты ойнаймын. Бұл жерде енді ертеден келе жатқан ойын ғой.Сондықтан бұл жерде тақ жұп деген ойын тәсілімен жүреді.Кез-келген ұяшықтан тоғыз тоғыз құмалақтан салынады.Оны әр қайсына таратып бір-бірден жеткізіп,қарсыласыңыздың жұп санына түсетін болса сол сіздің ұпайыңызға енеді.
Ұлттық ойындар мен интеллектуалды жарыстар арқылы ұжым арасындағы ынтымақтастық пен достық байланыс нығая түспек. Турнир қатысушылары бұндай шаралардың дәстүрлі түрде жалғасуына ниетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы жарыс ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.
Дильназ Қуанышбекқызы