Кенжекөл ауылының тұрғыны Ерсайын Шапиннің үйінің төбесінде желбіреген көк туға биыл тура 15 жыл толып отыр. Ту жай ғана ілініп тұрған жоқ елге, жерге деген сүйіспеншіліктің, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетіп тұр.

Ерсайын Арынханұлы Аққулы ауданы, Мерғалым ауылынан 2010 жылы Кенжекөлге қоныс аударған. Жұбайымен 48 жыл отасып, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде жасы жетпіске таяған қария немере, шөбере сүйіп отыр. Үйдің төбесіне көк туды ілу арқылы келер ұрпақ елін, жерін сүйіп өссе екен деген ниетте.

Ерсайын Шапин, Кенжекөл ауылының тұрғыны

Мақсат енді патриотизм, Отан сүйгіштік. Патриотизм енді барлық тілде айтылады ғой. Мына келешек ұрпаққа үлгі болсын дегенім. Балаларым бар, немерелерім бар өсіп келе жатқан.Басқа халық бар, жастар бар осыны көріп өссін деп ойлағаным ғой өзімнің. Мен осы жерге көшіп келерде осы жерден шаңырақ көтерсем Қазақстанның туын шаңырағыма іліп қоямын деп айтқан сөзім бар еді.Сол сөзімде тұрдым деп айтамын енді.

Осы жылдар ішінде көк ту бірде-бір рет алынбаған. Алғашқы уақытта жергілікті билік тарапынан ескерту түскенімен, Ерсайын Шапин туды ілуге болатыны жайлы заңмен рұқсат етілгенін дәлелдеп шыққан. Айтуынша, ту ілу үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Ерсайын Шапин, Кенжекөл ауылының тұрғыны

Енді бір айға жетпей қалады.Екі ай толық тұрмайды.Желдің өтіне байланысты,күннің ыстығына байланысты.Қысқы уақыттарда боран желдерге байланысты жалпы тудың тұрған жеріне байланысты болып келеді.Ту ықта тұратын болса 2-2,5 ай тұрадыАл желдің өтінде көпке шыдамайды негізі.

Бүгінде көк тудың ел үйіне ілінуі заң жүзінде реттелген. Бұл тек мереке күндері ғана емес, азаматтардың жеке бастамасы бойынша да рұқсат етіледі. Ерсайын ақсақалдың ісі — әрбір қазақстандықтың жүрегінде елдік рухты оятатын өнеге.

Дильназ Куанышбекова