Тамыз айында ауыл шаруашылығы санағы басталады. Оның мақсаты - аграрлық саланың қазіргі жағдайы туралы нақты әрі сенімді деректер базасын қалыптастыру. Тілшіміз тарқатсын.

Ауыл шаруашылығы санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Бұл – елдегі аграрлық секторды талдауға арналған маңызды құрал. Әрбір шаруашылықта санақ жүргізушілер қанша жер өңделеді, қандай дақылдар өсіріледі, техника мен мал басы қанша, ауыл шаруашылығы өндірісінде қанша адам жұмыс істейді деген мәліметтерді тіркеуі қажет.

Жақан Жәкенов, ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының павлодар облысы бойынша департамент басшысы

Ауыл шаруашылығы санағына кімдер қатысады: біріншіден, бұл мал және өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларында айналысатын шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғандағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер. Екіншіден, жеке қосалқы шаруақожалық жүргізу үшін жеке учаскерлері бар , мал ұстайтын үй шаруашылықтары, ашып айтқанда бау-бақшасы бар, өздері үшін төрт-түлік, құс ұстайтындар немесе т.б

Санақ екі кезеңнен тұрады: 1–31 тамыз аралығында азаматтар sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн сауалнаманы өз бетінше толтыра алады. Ал 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін арнайы оқытудан өткен интервьюерлер елді мекендерді аралап, сауалнама жүргізетін болады. Өңірде бұл жұмыспен 130 адамды қамту жоспарланып отыр.

Жақан Жәкенов, ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының павлодар облысы бойынша департамент басшысы

Неліктен араға 20 күн қалдырып отырмыз?Себебі, бізег сауалнаманы өз бетінше аяқтағандарды ескере отырып, үй шаруашылықтары тізімдерін қалыптастыру үшін қосымша уақыт қажет. Өткен кісілерді алып тастап,жаңадан тізім құрып, интервьюер босқа жүрмейтіндей, сол үшін 20 күн алып отырмыз.

Биылғы науқанда өңір бойынша 63426 үй шаруашылығын және 7502 ауыл шаруашылығы өндірушісі қамтылады деп жоспарлануда. Санақ барысында құпиялылық қағидалары қатаң сақталады. Жиналған барлық мәлімет тек статистикалық мақсаттарда қолданылады және үшінші тарап ұйымдарына берілмейді.

Санақ барысында сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар sanaq.gov.kz сайтындағы виртуалды көмекшіге немесе 1446 байланыс орталығына хабарласа алады. Сонымен қатар, ауылдық әкімдіктер мен статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өз-өзіне қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылады.

Қымбат Садық