Екібастұзда жаңа медициналық оңалту клиникасы ашылды. Онда тұрғындар әр түрлі бағыт бойынша қызмет көрсетеді.
«IBP» клиник ересектерге де, балаларға да әр түрлі деңгейдегі ауыр оталардан кейін қажетті оңалту шараларын көрсете алады. Міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін Астана, Павлодар, Семей қалаларында ашылған.
Артем Борбиков, Екібастұз қалалық медициналық оңалту клиникасының басшысы
Барлық филиалдарымыз бірдей құрылғылармен жабдықталған. Бұнда тұрған құрал-жабдықтардың әрқайсысы науқастарға қызмет көрсетеді. Ол үшін біз мамандарды тұрақты негізде дайындап, жиі оқытудан өткізіп тұрамыз. Біз қазақстандық оңалту медицинасының халықаралық стандартқа сай көтерілуіне жұмыс жасап жатырмыз.
Орталыққа науқастар қазірдің өзінде келіп, игілігін көруде.
Науқастарға оннан астам медицина мамандар қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта логопед, психолог мамандарды орталық қызметіне тартпақ.
Жанасыл Серікбол