Мемлекеттік рәміздер күніне орай №24 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қалалық деңгейде ұйымдастырылған флешмобқа белсене қатысты.

"Тәрбие – тал бесіктен басталады" дейді дана халқымыз. Осы ұстанымды берік ұстанған мектеп ұжымы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елдік сананы сіңіруде ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – әр азаматтың парызы. Бұл шараға тек оқушылар ғана емес, ата-аналар да белсене атсалысты.

Әсемгүл Мұқанова, ата-ана

Балаларым мектепте 5-6 сыныпта оқиды.Негізі ата-ана ретінде барлық осындай іс-шараларға қатысуға ат салысып жатамыз.Себебі мектептің өмірі отбасымен ата-анамен байланысты. Қолымыздан келгенше қатысуға тырысамыз.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру – басты мақсат. Бұл жолғы флешмоб та осы бағыттағы игі істердің жалғасы.

Нұрали Рахымбек №24 ЖОББМ 3 сынып оқушысы

Бүгін 4 маусым рәміздер күні.Елтаңба, ту, әнұран біздің еліміздің болмысы мен тәуелсіздігін білдіреді.Сіздерді рәміздер күнімен құттықтаймын. Біздің ту көкте желбірей берсін.

 Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің нышаны. Оларды құрметтеу арқылы өскелең ұрпақ ел болашағына деген жауапкершілікті сезінеді.

Дильназ Куанышбекқызы