5 маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Осыған орай облыс орталығында экологиялық кеңес ұйымдастырылды. Толығырақ тілші сюжетінде.
Қоршаған орта мәселесі - өзекті. Жаһандық экологияға жан-жақтан қауіп бары анық. Сондықтан негізгі біздің мақсат – қоршаған ортаны сақтап қалу, жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының басшысы
Бұл экологиялық кеңесте өңірдің белсенділері, ғылыми топ өкілдері, мемлекеттік орган өкілдері қатысады. Кем дегенде 2-3 рет осындай отырыстар өткізеді. Сонымен қатар, екі ай сайын кіші ғылыми топтар кеңестер өткізеді.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Достық үйінде экологиялық кеңес өтті. Шараға өңірдің экологтары, ғалымдар, оқытушылар қатысты.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы экология департаментінің басшысы
Барлықтарыңызды бүгінгі дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын. Біз үшін қоршаған ортаның жанашырлары үшін керемет күн. Жас ұрпаққа, дамып келе жатқан еліміздегі мейрам. Құттықтаймын. Денсаулық тілеймін, білім арқасында қоршаған ортаның заңдарын жетістіру арқасында өздерініңіздің жетістіктеріңіз үлкен.
Экологиялық кеңестің алғашқы бөлігінде салтанатты шара болды. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген білікті мамандарға Экология министрі, департамент және Павлодар Облыс әкімі атынан алғыс хаттар табысталды. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты республикалық суреттер байқауы да қорытындыланды.
Эвелина Чистякова, №14 ЖОББМ оқушысы
Экология тақырыбында сурет салу тақырыбында сайысқа қатыстым. А3 парағына экологияның жақсы және жаман кейпіндегі бейнесін салдым. Жер шарын салып, оны екіге бөлдім. Төменгі жағына ластанған экология суретін салдым. 1 орын алдым. Экологияны құртатын бірде бір тіршілік-адамдар. Олар қоқыс лақтырады, суды бұзады.
Кеңестің екінші бөлігінде мектепке дейінгі, мектеп және колледждерде экология бағытында жасалып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Гүлдана Теміржанова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары
Қазіргі бірнеше пәндердің негізінде кіріктірілген сабақтар өтеді. Сонымен қатар, жахандық құзыреттілік вариативті курсы бар. Осы экологиялық тәрбие беру. Қазіргі таңда мектепке дейінгі экология рекомендациясы жасалынған.
Экологиялық кеңес барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесімен бөлісті.
Самал Қалиқызы