Павлодарлық жас өрендер еліміздің басты саяси нысаны — Ақордада қонақта болды. Ел астанасына сапарға барған оқушылардың бірі Дария Аңсаған арнамызға сұхбат беріп, өз әсерімен бөлісті. Мұндай мүмкіндік оған республикалық байқаулардағы жеңісі үшін берілген. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Астана төріндегі Ақордада ерекше қонақтар болды. Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Президент сарайын аралауға мүмкіндік алды. Арасында халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздары мен оқу озаттары бар. Оған павлодарлық 5 оқушы шақырылды. Солардың бірі, республикалық «Зерде» байқауының жеңімпазы Дария Аңсаған.Ол додада технология және бейнелеу бағытындағы қабілетін көрсеткен.

Дария Аңсаған, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы

Мен Морис Эшер стилінде геометриялық мозайкаларды апардым. Бұл бізде теселяция, қабырға плиткалары және өз қолыммен циликон формаларын жасап шықтым. Мен болашақта өз жұмыстарымды бизнеске айналдырғым келеді және Морис Эшер стилін тереңірек оқып, қиынырақ жұмыстарды жасағым келеді.

Оқушылар резиденцияның салтанат бөлмесі мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өтетін залдарын тамашалады. Ақорда аумағындағы бақты аралап көрді.

Дария Аңсаған, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 6 «а» сынып оқушысы

Маған бұд экскурсия өте қатты ұнады. Біз 30-ы күні сағат түргі 11-де Астанаға келдік, ал 31-і күні екі музейге және аквариумға, Бәйтерекке бізге экскурси жасап шықты. Ал, 1-күні Ақорданың ішіне экскурсия жасады. Оқушыларға айтар кеңесім ешқашан берілмей, сабақтарыңды оқыңдар, және талыпынп өз мақсаттарына жетіңдер.

Дария болашақта министр болуды армандайды. Сондықтан ізденісін жалғастырмақ. Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.

Қымбат Садық