Орталық жағалаудағы балалар бассейніне түсу үшін енді телеграм-ботқа тіркелу қажет. Жаңашылдық ата-аналар мен балалардың қолайлығы үшін жасалып отыр. Бұл туралы толығырақ тілші сюжетінде.

Павлодар қаласындағы Орталық жағалауда орналасқан мына балаларға арналған бассеин 2023 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Енді бассеинге кіріп-шығуды жеңіл әрі қолайлы ету үшін телеграм бот арқылы тіркеліп, кезек алу ұсынылып отыр.

Ирина Бортник, Павлодар қаласының тұрғыны

Кеше әлеуметтік желіде енді бассеинге телеграм бот арқылы кіру керек екендігі айтылды. Соған тіркеліп, балаларымды бүгін әкелдім. Жақсы, кезек аз, тіркеуді тексерді де бірден кірдік. Шомылып жатырмыз, былтыр да келгенбіз. Кезек ұзақ болатын. Қазір бәрі жақсы.

Телеграм әлеуметтік желісінде Бассеин ПВЛ деген ботқа кіріп, тіркелу керек. Оны үйде отырып-ақ немесе бассеиндегі арнайы кю-ар кодтар жасауға болады. Баптаулары оңай.

Самал Қалиқызы, тілші

Сонымен бассеинге кіру үшін, телеграм ботқа тіркелу қажет. Мынадай кюар қод беріледі. Камераңызды әкеліп. Сонымен бассеин ПВЛ меню деп шығады. Жұмысты бастау. Бассеинді таңдаймыз. Аты жөнімізді жазамыз. Телефон нөмірін енгіземіз. Яғни балаңыздың жасына қарай. Бір балаға 45 минут уақыт беріледі.

Осылайша боттан күнін, уақытын өзіңіз таңдап, сол кезде келу керексіз. Айта кетейік, белгілеген уақыттан 10 минутқа кешіксеңіз, бассеинге кіре алмайсыз дейді осындағы қызметкерлер. Келмеген баланың орнына сол жерде кезек күткендер кіреді.

Дариға Әбішева, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің бас маманы

Орталық жағалауда 1 маусымнан бастап балаларға арналған бассеин жұмысын бастады. Осы маусымда ерекшеліктер енгізілді. Енді бассеинге кіру үшін телеграм-ботқа тіркелу керек. Бұл балалар мен ата-аналардың қолайлылығы жасалып отыр.

Айта кетейік, әр балаға бассеинге түсуге 45 минут уақыт беріледі. Бір кіргенде жалпы 50 бала, ал бір отбасыдан 5 бала суға шомыла алады. Жалпы орталық жағалаудағы балалар бассеині тегін, дүйсенбі санитарлық күн, қалған күндері таңғы 9.00-дан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Самал Қалиқызы