Мемлекеттік рәміздер күні Павлодар қаласындағы мектептерде де түрлі шаралар ұйымдастырылды. Жазғы лагерьге қатысып жүрген оқушылар флэшмобта билеп, ән айтып, ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күн жер-жерде кең көлемде атап өтілді. Аталмыш мемлекеттік мерекенің әсіресе өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Осы ретте шаһарымыздағы №41 мектепте жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен шара өтті.

Зере Хасейін, №41 ЖОББ бейіндік мектебінің 4-сынып оқушысы

Бүгін біздің лагерімізде мемлекеттік рәміздер күні өтеді. Біз нағыз патриоттармыз. Ұлы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға мақтан етеміз. Отанды құрметтейміз. Бұл рәміздер бізді біріктіреді. Тарих пен мәдениетімізге есік ашады.

Осылайша оқушылар ән айтып, флешмоб билеп, ұлттық спорт түрлері бойынша сайысты.

Гүлмира Жақыпова, №41 ЖОББ бейіндік мектебінің мұғалімі

Бүгін біздің мектебімізде атаулы шара. Жалпы еліміз үшін тарихи күн. Мемлекеттік рәміздерді мақтан етеміз. Еліміздің рухы асқайтай берсін. Алдағы арман тілектерінің нышаны.

Шара жастардың патриоттық сезімін оятып, ерте жастан мемлекеттік рәміздерді ұлықтап, құрметтеуді мақсат етеді.

Самал Қалиқызы