Биыл Құрбан айт мерекесі 6-8 маусым аралығында өтеді. Бұл мейрам мейірімділік пен жанашырлықты, рухани тазалық пен адамгершілікті дәріптейді. Бұл күндері жақындарға қамқорлық жасап, үлкендерді құрметтеу басты міндеттердің бірі.

Облыстағы барлық мешіттерде Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 07:00-де оқылады. Мешітке келген жамағат мерекелік киім киіп, бір-біріне ақжарма тілектер айтады. Құрбан айт күндері адамдар ата-аналары мен үлкен кісілерге сәлем береді.

Жолдас Қажы Бердымұратұлы, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының фатуасына сәйкес және айдың көруіне байланысты, зулхиджа айы 28 мамыр күні басталған еді. Сондықтан зулхиджа айының тоғызыншы күні 5 маусымға сәйкес келеді. Ал оныншы зулхиджа бұл 6 маусымға сәйкес келеді. Сол себепті биыл Құрбан айт Алла Бұйыртса маусымның 6,7,8 күндеріне сәйкес келеді. Яғни, жұма, сенбі, жексенбі күндері болады. Енді, ең бірінші құрбан айтқа тоқталмас бұрын, арафа деген күні бар. Арафа күні 5 маусым күні болады. Осы күні адам баласы ең абзал істейтін жұмыстарының біреуі ораза ұстаған абзал болып табылады бір күн.

Павлодар қаласында құрбандық шалу рәсімі үшін арнайы орын белгіленді. Бұл «Құлагер» ипподромы. Мұнда барлық санитарлық және ветеринарлық талаптар сақталады. Су мен электр жарығы бар. Қалдықтарға арналған контейнерлер қойылған.

Батырбек Әлиев, Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Мал сою кезінде санитариялық-эпидемиологилық талаптарды қатаң сақтау, мал сою процессінде пайда болатын қалдықтарды уақытылы шығару, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауы қажет. Шараларды өткізу бойынша қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру обьектілерінде тағам дайындау технологиясын сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және олардың қадағалануын растайтын құжаттардың болуы маңызды.

Облыстың барлық аудандарында да арнайы құрбандық шалу орындары ұйымдастырылған. Павлодар қаласы әкімдігі тиісті қызметтермен бірлесіп, осы рәсімді өткізуге арналған арнайы шаралар жоспарын бекітті.

Жолдас Қажы Бердымұратұлы, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бас имамы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жолы да құрмалдық шалуды форматын екі бағыт бойынша ұсынып жатыр. Ең бірінші, біз пандемиядан бастап онлайн форматында өткізіп келе жатырмыз. Арнайы сайт ашылды. Сайт құрбан.муфтият.кз деген сайты арқылы адам баласы екі жұмысты атқаруға болады. Ең бірінші тапсырыс береді. Ол жерде қойдың, ешкінің және ірі қара мал бағасы тұрды. Осы үшеуін адам баласы таңдап, ақшасын төлеп, тапсырыс берсе болады. Жылдағыдай біз сол кісінің тапсырысын аламыз және құрмалдығын шалып береміз. Екінші формат әрине өзіміз үйренген форматымыз, былай айтқанда оффлайн форматында барып өзі құрмалдық шалуына болады.

Аталған құрбан.муфтият.кз сайты арқылы мұқтаж жандар онлайн тіркеле алады. Олар өз мекенжайы мен телефон нөмірін қалдырады. Кейін еріктілер етті сол тізім бойынша таратады. Сонымен қатар, мереке күндері Павлодар қаласының саябағында және мешіттерде Құрбан айтқа арналған шаралар өтеді.

Сабина Жолдаспаева