4 маусым, сондай-ақ, Халықаралық тіс жегімен күрес күні. Осы ретте стоматологтар тіс саулығын сақтап қалу үшін, тіс дәрігеріне жиі қаралуға шақырады.

Тіс дәрігеріне ата-аналар балаларын жиі әкеліп жатады. Негізгі мәселе тістің дұрыс жармауы, тістің, жақтың дұрыс орналаспауы, брекет салу, оны күтумен байланысты дейді дәрігерлер. Оған себеп – тұқымқуалау, ұзақ уақыт емізік ему, сүт тістерінің кеш түсуі. Оған қоса тіс жегі мәселесі тағы бар.

Манас Кәрібаев, Павлодар облыстық балалар стоматологиялық клиникасының бөлім меңгерушісі

2024 жылмен салыстырғанда тіс жегі 12 пайызға өсіп кетті. Қазіргі таңда тіс жегі кез келген жаста кездеседі. Мысалы, 6 жастағы балалардың 90 пайызында тіс саулығымен мәселе бар. 4 маусым тіс жегімен күрес күні. Сондықтан ата-аналарға балаларыңызды әкеліңіздер, тістерін емдетіңіздер дейміз.

Қаламыздағы облыстық балалар стоматологиялық емханасына күніне 20-50 шақты бала келіп, көрінеді. Мереке қарсаңында оларға сыйлықтар таратылды. Айта кетейік, тісжегі – бірқатар қолайсыз факторлардың әсерінен қатты тіс тіндерінің бұзылуының патологиялық процесі болып табылатын, әлемдегі ең көп таралған ауру.

Самал Қалиқызы