Махаббаттың символына айналған құстың теңізде тербеліп жүзуі, мойнын бұрып су ішуі, жемін іздеуі, билеген ерекше қимылы — осының бәрі бақылап тұрған жанға керемет көңіл-күй сыйлайды. Тарихи зерттеулерге қарағанда, Аққулы ауылының солтүстік қапталында айдын көлдің болғаны және ол көлді аққулар мекен еткен жайлы аңыз бар. Жалпы айтқанда, Лебяжі Ертістің жағасында пайда болған елді мекендердің бірі.
Ағюни Есімов, Аққулы ауданының тұрғыны
Мен осы Аққулы ауданының тумасымын. Аққулар осы уақытта ұшып келеді. Қазір көріп отырғандай үш аққу қонды. Жазда Ертістің жағасында жүреді. Махаббат, жер символы осы Аққу құсы. Оларды үлгі тұтығуға болады.
Кезінде осы маңдағы көлде аққулар болғандықтан көл де қасиетті құс есімімен аталып кеткенге ұқсайды. Кейіннен аудан да осылай аталған.
Арман Батталов, Аққулы ауданының тұрғыны
Аққулардың оралуы қуантарлық жайт. Себебі ауданның атауы Аққулы аталуы бекер емес. Қазір біз Қазы ауылы маңында үш аққуды көрдік. Мен үшін аққулар махаббат симболы болғандықтан әрі қарай аққулардың көбейетіне сенемін.
Қорыта айтқанда, жер-су атаулары ұлттық таным мен салт-дәстүрлердің белгісі. Наурыздың соңы мен сәуірдің басында оралып, қазан айларында ұшып кететін махаббат символдары, Аққулы тұрғындарына махаббат пен сәттілік әкеледі деп сенеді.
Малика Ахметова