4 маусым — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл атаулы датаға орай облыс орталығындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтерілді.
Алаңға қоғамдық, жастар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер мен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары жиналды.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара патриоттық әндермен жалғасып, жастар ұйымдарының мүшелері шағын шеру ұйымдастырды.
Біржан Қайыргелдин, 99225 әскери бөлімінің бөлімше командирі
Бүгінгі осы ел тұрғындарын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.Бұл мерекеміз әнұран ту елтаңба еліміздің тұмары болып келеді.Еліміз тыныш және туымыздың астында бірлігіміз арта берсін.
Қала тұрғындары да бұл күнді ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Көк Тудың астында тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарына ризашылықтарын білдірді.
Қуандық Баязит, қала тұрғыны
Бүгінгі мереке құтты болсын рәміздер күні.Қазақ халқы көркейе берсін, жастары тәрбиелі болсын. Мерекемен құттықтаймын.
Патриоттық рухқа толы салтанатты шара — ұлттық рәміздерге деген шынайы құрметтің, ұлт бірлігі мен елдік сананың айқын көрінісіне айналды. Көк байрақ желбіреген бұл күн — әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен үміттің символы болып қала бермек.
Дильназ Куанышбекқызы