Павлодар облысы дене-шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашевтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда өңірлік комиссиясы бекіту үшін облыстық басқарма тарапынан 36 басым спорт түрінің жобасы ұсынылды, оның ішінде 13 жазғы олимпиадалық, төрт қысқы олимпиадалық, бір паралимпиадалық, екі параолимпиадалық, бес сурдлимпиадалық, 11 ұлттық спорт түрлері бар.

Аппаратық жиында сөз алған Азамат Имашев спорт саласын дамытудағы тұжырымдамалардың, қаржыландыру жүйесінің өзгергендігін жеткізді. Енді олимпиадалық ұлтық спорттарға басымдық беріледі. Федерацияларды құру тәртібі өзгереді. Легионергерле мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қаржыландыруына тиым салынады.

Басқарма басшысы әрмен қарай спорт саласын, бұқаралық спортты дамыту жолында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. ңірде 2200 спорттық нысан бар. Тағы төрт ауылда жаңа спорттық нысанның құрылыс жүруде. Тағы төрт ауылда спорт кешені жоспарлануда. Сонымен қатар үш ауылда бассейин құрылысы жүруде. Облыс әкімі спрорт саласындағы заңнамалық өзгерістерді жұртшылыққы түсіндурі керектігін айтып, аалда келе жатқан қысқы олимпиадаға адйындық ждайын сұрады.

Сондай-ақ жиында облыстық экономика және бюджет жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 28 500 адам тұратын 22 ауыл жаңаратындығын айтты. Оған 9,7 миллиард теңге бөлінген. Бұл сомаға 45 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырылады.

Жанасыл Серікбол