Тереңкөл ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Әлеуметтік ғимараттар жөнделіп, жолдар қалыпқа келтіріліп жатыр. Онда іске асып жатқан жұмыстармен облысы әкімі танысып қайтты.
Алдымен, аймақ басшысы Песчаное ауылында жөнделіп жатқан сәбилер бақшасына барды. Өткен ғасырдың 70 жылдары салынған ғимарат 120 орынға шақталған. Енді нысанның шатыры жөнделіп, сырты қапталады. Мердігер жұмыстарды 31 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр.
Жайнат Билялова, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің басшысы
Бүгінгі күні ғимараттың шатыры 40 пайызға аяқталды. Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Жұмыскерлер жауапты. Бізде мында депутаттар, жиі келіп байқаймыз. Тамыз айының онкүндігінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.
Тереңкөлде биыл ірі жобалар іске аспақ. Азамат Маңғұтовтың сөзінше, барлық жоспарларға қаражат облыстық бюджеттен және бонустық трансферт есебінен бөлінді. Аудан орталығында тротуарлар орнатылып, концерттер өтетін жағажай абаттандырылады. Ал Калиновка мен Октябрь ауылдарында су тазарту қондырғылары мен су айдауыш мұнараның жөнделуде. Бұл мақсаттарға арнайы техникалар, қазандықтар сатып алынуда. – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына екі ауыл кірді – Песчаное және Ивановка.
Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі
Песчаное ауылы бойынша 611 млн теңгеге сауықтыру кешені салынып жатыр. Екінші мектебіне күрделі жөндеу жүріп жатыр. Балабақша жөндлуіне 270 млн теңге бөлінді. Жарықшамдар орнатылып жатыр. Ұзындығы 10 шақырым. Асфальт төсейміз.
Осы ретте облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстар, құйылып жатқан қаражаттар ауылдардың жағдайы түзеліп, халық саны азаймайтындай жасалып жатыр деді. Келесі кезекте облыс әкімі ауылда салынып жатқан дене шынықтықтыру сауықтыру кешенінің жұмысымен де танысты. Сәуір айында басталған жұмыстар биыл аяқталуы тиіс деп сендірді мердігер. Одан бөлек, облыс әкіміне көктемгі дала жұмыстары бойынша ақпарат ұсынылды.
Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі
Көктемгі дала жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Биыл егіс алқабы – 317 мың гектар, бұл өткен жылғы деңгейден 114 пайызға артық. Дәнді және майлы дақылдарды егуді аяқтап жатырмыз. Биыл күнбағыс 36 мың гектарға ұлғайды. Картоппен екі мың, жемшөп дақылдарымен 31 мың гектар егілді. Биылғы жылы жаңа дақылдардың бірі – соя. Жоспар бойынша 200 гектар жер болды, біз оны 800-ге дейін ұлғайттық.
Ауданда ауыл шаруашылық техникасы жыл сайын жаңартылып келеді. Биыл жаңа 19 техника сатып алынды. Тереңкөлде 5 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінген, оның 85 пайызы қазіргі таңда игерілді. Осылайша биыл ауданда 2 млрд 870 млн теңгеге инвест жоба жүзеге асырылмақ.
Евгений Шаров, «Шаров» ШҚ иесі
Бұл учаскеде 6 жаңбырлата суару машинасы орнатылады. Зиматик құрылғалары, сорғы станциялары, жағалау инфрақұрылымы дайын. Пантон бәрі дайын. 10-15 маусымда далада дайын әзір болуы керек. Өткен жылы мында препараттар қосылған күнбағыс болған. Биыл рапс ектік. Биылғы жобаларым жүзеге асса суармалы аумақы 800 гектарды құрайды.
Тереңкөл ауданында мал шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Мәселен, «тава агро» ЖШС Германиядан әкелінген дорпер қойларды өсірумен айналысады. Қазір 700 бас бар, құны орта есеппен 500 мың теңгені құрайды.
Александр Тыщенко, «Tawa Agro» ЖШС басқарушысы
Бізде үш таңдау болды. Соның ішінен дорперді таңдадық. Күтімі жеңіл. Негізі осыған дейін де қой шаруашылығымен айналысқанмын.
Осылайша аймақ басшысы Тереңкөл ауданында жүріп жатқан жұмыстармен танысып, олардың уақыты, сапалы жүзеге асуын тапсырды.
Самал Қалиқызы