Павлодар облысында бар жоғы бір күннің ішінде бір бала терезеден құлап, бір жасөспірім суға кетті. Екі жағдайда елдің жағасын ұстатты. Таңнан кешке дейін қауіпсіздік жайлы айтқанымыз қайдан, екі өмір қыршыннан кетті.

Жаз енді басталды, балалардың қауіпсіз әрі сапалы уақыт өткізуі үшін ересектер барын салады. Соған қарамастан күні кеше ғана 6 қабаттан тағы бала құлап кетті.

Жанар Белялова, Павлодар облысы пд ресми өкілі

Екінші маусым күні қайғылы оқиға орын алды. 2019 жылы туған 6 қабаттағы терезеден құлап кетті. Көз жұмды. Балкон әйнектелген, анасы ас үйде шаруамен айналысп жүрген. Балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Жасөспірім суға кетті

Полицейлер баланың жоғарыдан құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, Ақкөлде 16 жастағы бала суға кетті.

Темірлан Жапалбай, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері

Ағымдағы жылдың 17.00 Ақкөл ауылында суаруға арналған каналда 2009 жылғы баланың денесін алып шықты. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

Су, өрт, биіктік қателікті кешірмейді. Сондықтан полицейлер мен төтеншеліктер жаз уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Самал Қалиқызы