Қазақстанның құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабайдың «Тұлғалар асыл жандар» атты кітабының 2-томы жарық көрді. Бұл еңбек ұлты мен еліне асыл мұра қалдырған жандардың өмірі мен еңбегін үлгі етіп, оқырманға рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейді. Толығырақ кітаптың тұсаукесер салтанатына қатысып қайтқан тілшіміз Қымбат Садық тарқатады.

Жаңадан жарық көрген «Тұлғалар – ғажап жандар» атты кітаптың 2-томы автордың ақпарат саласындағы ұзақ жылғы еңбегінің жарқын көрінісі деуге болады. Мазмұнды шараға қатысқан кешке зиялы қауым өкілдері мен құрметті қонақтар кітап үлкен еңбектің жемісі деп, ақжарма тілектерін білдірді.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Көп адам немере-шөберені өсіріп, немесе күйбең тірлік үйдің шаруасынан әрі аса алмай жатса апайымыз әліде болсын жетпістің белортасынан асса да, осы қоғамның жұмысына тікелей арласып, Астананың төрінде отырып, біздің өңірде туындаған іске дұрыс-бұрыс бағасын беріп отыр. Бұл біз үшін құнды

Әлинұр Сейдуманов, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы

«Тұлғалар-асыл жандар кітабы терең идеологиялық мазмұнды кітап. Осы жаңа кітабыныз оқырман жүрегіне жол тауып, өзіңіздің құндылыққа ие болады деп сенімдіміз. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз

Кітапта қаламгер өзі жоғары бағалайтын, адамгершілігі мен іскерлігі, еңбекқорлығы мен адалдығы үндескен ғажап жанжардың қоғамда көптігін айтып, олардың еңбектерін жоғары бағлайды.

Ғалия Балтабай, «Құрмет» орденінің иегері, Павлодар облысының құрметті азаматы,

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал еңбек, адал табыс,адал адам» деген қағидатына байланысты осы өмірде адал жандар, асыл азаматтар, ғажап жандар бар екенін көрсеткім келді. Шынында, мына қиын заманда адал еңбекпен келеді ғой барлығы. Арамызда жақс адамдар барын көрсеткім келді. Жемқорлармен күресудің амалын ойластырған бір кітаппа деп ойлаймын. Себебі, әр кейіпкердің соңынан сұрақ қойып отырдым. Осы қағидатқа не айтасыз деп, сол арқылы ойын білдім.

Өңірдің зиялы қауым өкілдері көзі қарақты оқырмандарға, жалпы жастарға жаңа кітапты оқуға кеңес береді. Сол арқылы аға буын өнегеге толы жаңа жинақтың өскелең ұрпаққа пайдалы болатынына да сенімді.

Ғалымбек Жұматов, ҚР жазушылар одағының мүшесі, Павлодар облысының құрметті азаматы

Қай кезеңде де үлкен бір тақырптарды кең алып, кең көлемде көрсете алды, сол жеңгейде жаза да білді. Сондықтан бүгінгі кездесудің өзі сол бір ізденістің белгісі, жетістігі. Бұл бір ғана жетістік емес, әлі де талай дүниелер көп болар. Бәрі бір-бірімен байланысып, үндесіп жатыр. Сондықтан бұл үлкен еңбектің, ізденістің белгісі деп ойлаймыз.

Айта кетейік, бұл туынды — Ғалия Құсайынқызының 21-інші кітабы. Бұдан бөлек, ардагер журналистің «Иса ақын және оның ұрпақтары», «Туған жер перзенттері», «Ұлтын ұлықтаған асыл ана», «Өмір шыңы», «Емші құдіреті», «Тұғыры биік тұлғалар» және басқа да кітаптары жарық көрген.