Павлодарда ресми түрде «Авто және мотоспорт» маусымы ашылды. Жаз мезгілінде көліктің, әсіресе мотоициклдердің саны күрт артып, қозғалыс қарқыны күшейеді. Шара жолдағы қауіпсіздік мәселелерін ерекше қадағалауды талап етті. Толығырақ тілші материалында.

Жазғы маусымның басталуымен қатар келген бұл шара – жол қозғалысына белсенді қатысатын жүргізушілер мен спорт әуесқойлары үшін ерекше оқиға. Жастарды заңды, қауіпсіз мотоспортқа тарту тек хобби емес, тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін өмір салты дейді ұйымдастырушылар.

Екатерина Чигрина, авто-мотоспорт федерациясының Павлодар облысы бойынша өкілі

Бұл дәстүрлі шараны қатарынан 15 жыл бойы ұйымдастырып келеміз. Осы айдың аяғында автогонка жарысын өткіземіз, оның алғашқы кезеңі Екібастұзда өтті. Мұнда жүргізішулердің кәсібилігін, біліктілігін және әрине жолдағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін қадағалаймыз

Авто-мото маусымының ашылуы – бұл көлік жүргізушілеріне ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушыларға арналған үндеу. Жолдағы әрбір әрекет жауапкершілікті талап етеді. Барлығы өзара түсіністік пен сыйластық танытса, жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.

Марина Андрюшикина, автоинструктор

Балаларды қорғау күні болғандықтан, жолдағы қауіпсіздікті оларды сақтау керек екендігін айтқым келеді. Жолдан өтер кезде жан-жағына қарап, көліктің жоқтығын байқау керек. Қасында ата-анасы, үлкендер болса олар қолдарынан үстап өту керек.Бұл қандай да бір оқиғалардың болмауына көмектеседі

Маусымның ашылуында дрифт-шеберлері өз өнерлерін көрсетіп, жүртшылыққа ерекше әсер сыйлады. Қауіпсіздік саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер де шараға қатысып, жол қауіпсіздігі басты назарда екендігін айтты.

Шара «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде өтті. Полиция қызметкерлері жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ережелерді түсіндірді.

Авто және мотоспорт маусымына жыл сайын 1000-ға жуық адам жиналады. Сондықтан шара жол тәртібіне, техникалық сауаттылыққа баулиды.

Қымбат Садық