Железин ауданының тұрғындары қуанышқа бөленді. Железин ауылдық округінде көптен күткен жаңа футбол алаңы ашылды. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік берген бұл жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан.

Құрылыс жұмыстары небәрі он күнде аяқталып, заманауи талаптарға сай спорт нысаны бой көтерді. Балаларға арнайы салынған бұл шағын футбол алаңы қауіпсіз әрі ыңғайлы. Енді балалар таза ауада ойнап, денсаулығын нығайтады. Бұл ауыл үшін болашаққа жасалған нақты қадам.

Тимур Қабдұлов, демеуші, «КАБ» шаруа қожалығының басшысы

Алаңның көлемі – 20/40 метр. Құрылысына шамамен 18 миллион теңге жұмсалды. Екі жыл бұрын дәл осы маңда бүлдіршіндерге арнап ойын алаңын салдық. Өйткені біз осында тұрамыз. Ауылымыз көркейіп, балалар ойнап, шаттыққа бөленсе деген ниетпен жасап жатырмыз.

Алаңның ашылу салтанатына ауылдың үлкен-кішісі түгел жиналды. Жергілікті өнерпаздар ән салып, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар мен ауыл ақсақалдары өз ризашылықтарын білдіріп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтты. Бұл алаң балаларға арналған, бірақ тұтас ауылдың қуанышы.

Қанат Айсақов, Железин ауылдық округінің әкімі

Біздің ауыл шаруашылық адамдарымыз, кәсіпкерлеріміз болса, біздің ауылымыз өркендей береді. Өйткені ол кісі келгелі бері, көмек көп жасап жатыр. Былтыр әр мейрамды өткізген. Наурыз болсын,маслленица болсын жұртты жинап, киіз үй құрып, той жасайды. Алғысымыз көп. Осындай адамдар көбейе берсін. Өйткені, қазіргі заманда өз ауылыңда өскеннен кейін, өзіңнің ауылыңа көмектесуің керек.

Тұрғындар үшін бұл ерекше қуаныш. Ең бастысы балалардың шат күлкісі естіледі.

Қымбат Өтегенова, Железин ауылдық округінің тұрғыны

Бұл кісінің жұмысы әрі қарай жалғаса берсін, осылай өне берсін. Балаларға салған алаңда балалар ойнай берсін. Ризамыз бәріне. Жұмысы жемісті болсын. Дені сау болсын. Балаларым өзімнің үлкен. Енді осы алаңда немерелерім, жиендерім ойнайды. 02:05

Асанәлі Раскелді, футболшы

Футбол командамыз бар. Облыс атынан шығып, 1 орын жүлдегеріміз. Футболмен 6 жастан бастап ойнаймын. Оған қоса, Павлодар облысының «Ертіс» командасының ойыншысымын. Ол командамен ҚР чемпионатынан 3 орын алдық. Алғысымды білдіремін. Енді күнде осы алаңда футбол ойнайтын боламыз.

Балалар күніне орай ашылған алаң алыстағы ауыл тұрғындарына жасалған үлкен сый. Бұл күн тек балалар үшін ғана емес, күллі ауыл халқы үшін шаттыққа толы мереке болды.

Сабина Жолдаспаева