Павлодар қаласында өз қолдарымен мәдени мұраны жаңғыртып жүрген қолөнершілер лайықты марапатқа ие болды. Олар әлемдік деңгейде мойындалған – Гиннес рекордтар кітабына енген құрақ көрпені тігу жобасына белсене атсалысқан жандар.

Құрақ көрпе – қазақтың бай мұрасының бір бөлшегі. Былтыр бұл жобада еліміз бойынша 450 қолөнерші еңбек етсе, биыл олардың қатары 700-ге жеткен. Осы тұста өңіріміздің шеберлер де шет қалмады. Салтанатты рәсімде марапатты Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Алпысбайұлы Тауасқан табыстады.

Бибігүл Жүнісова, Павлодар облыстық Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің көрме-экспозиция бөлімінің меңгерушісі

Бүгін бізде аламан құрақ байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. 2024 жылы қыркүйек айында Бесінші Көшпенділер ойынына қарсы өткен іс-шара аясында марапатталатын болады. Біз аламан құраққа қатысқан 30 қатысушыны марапаттайтын боламыз.Бұл жерде Ақсу, Екібастұз, Павлодар қаласынан бөлек, аудан орталықтарынан да шеберлер келіп отыр.

Қатысушылар бір мақсатқа жұмылып, қазақ қолөнерінің ұмытылмас үлгісін көрсетті. Шеберлер тек тігін емес, мәдени миссия атқарғанын мақтан етеді.

Уәсилә Нұрмұхамбетова, қолөнер шебері

Бүкіл Қазақстанның өңірінен 450 құрақшы 11 шаршы метрді құрайтын үлкен кілем тәрізді құрақ төселді. Тайқазанның бойында. Ол жерде әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдіктер тамсанып қарады. Енді біз енді Қазақстанның Гиннес кітабына еніп отырмыз. Жалпы осы жоба әлемдік Гинес кітабына еніп отыр. Жаңа міне сертификаттарды алып отырмыз. Бұл сертификаттар біздің құзырлы жоғарыдағы адамдардың қолдарымен бекітілген. Сондықтан бүгін тарихи сәттін бір кезеңі болды.

Осылайша, қазақтың ежелгі өнері жаңа заманмен үндесіп, ұрпаққа үлгі болып отыр. Шеберлер еңбегі – ұлттық құндылықты дәріптеудің айқын көрінісі.

Дильназ Куанышбекқызы