Тәжірибелі іс-әрекеттерді және теориялық білімді негізгі оқу пәндерінен өткізгеннен кейін, үміткерлер екінші кезеңге шықты. Бұл кезеңде 14 шақырым қашықтықта орналасқан жерге жүгіріп келу шарты қойылды. 14 үміткердің 12-сі ғана кедергіден сүрінбей өтті. Қалған екеуі жол бойында шығып қалды. Ары қарай қатты, батпақты жерлерді өткізіп, олар атыс алаңына бет бұрды. «Өзгені жеңсең – мықтысың, өзіңді жеңсең құдіретсің» демекші, ұйымдастырушылар үміткерлерге барынша қолдау көрсетуге тырысты.

Альберт Маткаримов, ҚР ұллтық гвардия төрағасының орынбасары:

Бұл Ұлттық ұланның элитасы. Бас қолбасшының өзі күрең кепеш иесі. Әлемнің барлық елдерінде арнайы дайындыққа ерекше көзқараста. Бұл адамдар өз өмірлерін аямай, бізді және сіздерді, бейбіт тұрғындарды және антитерроризмге және басқа да қатерлерге қарсы күресте тұрған міндеттерді қорғап, өмірін аямайтын адамдар.

Сынақтан кейін олар атыс алаңына өтіп, онда әскери қару-жарақпен қолдану деңгейін көрсету талап етілді. Барлық сынақ аяқталғаннан кейін үміткерлер мен олардың нұсқаушылары соңғы ақтық сынға өтті. Бұл жерде рухы әлсіз және ерік-жігері жасықтарға орын жоқ. Әр кезең сайын үміткерлер алдымен бір-бірімен сайысып, содан кейін қазіргі күрең кепеш иелерімен күш сынасты. Бір қарағанда, уақыт баяу жылжып жатқандай көрінді. Бірақ уақытқа қарамастан, жеңіске жеткен 12 үміткердің бірінен соң бірі өз дегеніне жетті.

Сейітхан Ермұхан, күрең кепешке үміткер:

Бұл күрең беретіне 5 жылдан бері дайындалып келемін. Бұны бірден өту оңай деп ойламаймын. Бұған көптегене дайындықтар керек. Ең бірініш рахмет айтатыным, командирлерге осылай мені дайындап, осылай сеніп, осындай күрең беретіне жібергеніне.

Соңында, «Бүркіт» төсбелгісін және көк түсті жейдені табыстау салтанатты түрде өтті. Сынақтардан өткен 12 әскери қызметші және олармен бірге болған жолдастары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының арнайы бөлімшесінің қатарына қосылды.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ