Суворов зиратының жалпы аумағы 98 гектарды құрайды. Бұл жарге 80 мыңнан астам адам жерленген. Аталмыш аумақтың тазалық жұмыстары тек бір ғана мекеменің мойынына жүктелген. Бұған қажетті техникалары да жеткілікті. Қызметшілер күн сайын аумақты тексеріп, бақылап отырады,-дейді Анатолий Конвишер. 

Анатолий Конвишер, қызмет көрсететін мекеменің басшысы:

Үш қызметші, 2 күзетіш және бақылаушы бар. Біз белгіленген кестей бойынша бұл аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Нақытарқ айтқанда ағаш жапырақтарын тазалап, келушілерге арналған жолдарды тазартамыз.

Келушілердің көбі әр жылдың көктемінде қабір басын зиарат ететіні баршаға мәлім. Бірақ, бір келгенде бұл жерге 10 мыңнан астам тұрғын табан  тірейтін көрінеді. Әрине, олардан кейін қоқыс қалдықтары да қалады. Олардың барлығын бір күнде жинастыру мүмкін емес,-дейді, қызметшілері.  

Анатолий Конвишер, қызмет көрсететін мекеменің басшысы:

Көктемде қоқыс көлемі артады. Өйткені келушілер де көбейеді. Барлығын бір күнде тазалау мүмкін емес. Өйткені тығыз орналасқан жерге техника өте алмайды. Қолмен жинаймыз. Біз зиратқа келген адамдарға тазалықты сақтаңыздар деп айтамыз. Бірақ, тұрғындардың көбі бұған мән бермейді.

Қазіргі таңда ТҮКШ бөлімі аталмыш аумаққа бейне бақылау камераларын орнатты. Бұл өз кезегінде тазалықты сақтауға септігін тигізбек.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ