Достық үйінде отбасылық құндылықтарды дәріптейтін “Ана ұлттың жүрегі» атты ашық қалалық байқау өтті. Сахна төрінде 10 отбасы өз өнерлерін ортаға салды. Дода аналар мен халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Толығырақ тілші тарқатады.

Аналар мен олардың отбасылары үш кезең бойынша бақ сынады. Мұның өтуіне «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мен Кенжекөл жастары ұйытқы болды. Бастысы ананың отбасындағы орнын, тәрбиелік рөлін, ұлттық құндылыққа деген көзқарасын көрсету болды.

Жұлдыз Малдыбаева, «Кенжекөл жастары» ҚБ үйлестірушісі

Осы шараның және мерекенің мәні аналық статусты көтеру, бала әрі отбасының рөлін көтеру, отбасылық құндылықтарды насихаттау. Соңғы жылдары біздің өңірде көпбалалы отбасылар саны көп әрине Аналар өздерің ұсынған жоқ, оларды отбасы ең күшті ана деген атаққа ие деп өтінім жіберген болатын.

Байқаудағы басты кейіпкер, әрине ана. Себебі,ол отбасының , жалпы ұлттың жүрегі. Балалары мен жұбайының сүйенішіне айналған аналар, бұл жолы сахна төрінде өз отбасыларымен бірге өнер көрсетіп, тағам әзірлеп, өмірлеріндегі ең қымбат құндылық – бірлік пен мейірімді паш етті. Солардың бірі – Атамекен кентінен келді.

Тәрбиелік мәні зор шараға Галямовтар әулеті қатысты. Отағасы Қанат зауытта, ал отанасы Гүлдана биология пәнінен сабақ береді. Екі бала тәрмбиелеп отырған отбасы сайысқа тыңғылықты дайындықпен келгендерін айтады.

Ашық қалалық байқауға өңірдің аудандандарынан келген 10 отбасы бақ сынады. Барлығы ән айтып, би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жүлделі орындарға ақшалай сыйлықтар берілсе, қатысқан отбасыларға тұрмыстық техника табысталды.

Қымбат Садық