Тәуелсіз елдің бүгінгі бейбіт тіршілігі мен тыныштығы үшін жанын пида еткен жауынгерлер ешқашан ұмыт болмайды. Биыл Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы тарихи сәтте ардагер Рамазан Өмірзақовтың ерлігін ұрпағы еске алды.
Рамазан Өмірзақов 1908 жылы Павлодар облысы, Железин ауданы, Бесқала ауылында дүниеге келген. Ол 1941 жылы 33 жасында әскерге алынып, 1945 жылы елге аман-есен оралған. Соғыстан кейін туған өлкесінде еңбекке араласып, халқына адал қызмет етті.
Бәри Өмірзақов, Рамазан Өмірзақовтың ұлы
Ұлы отан соғысында бірінші екінші дәрежесі орденімен марапатталды. Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталды. Барлығы алты ордені бар.Соғыстан келген соң жылқы бағып жұмыс істеді. Сол үшін де ерең еңбегі орденімен марапатталды.
Майдан даласында Рамазан Өмірзақов жеті мәрте жарақат алған. "Азиат" лақап атымен мерген ретінде танымал болып,жалғыз өзі 190-ға жуық жау әскерін жойғаны айтылады. 1945 жылы елге оралып, Ғалия апамызбен отау құрып, төрт ұл өсірген – Бәри, Сапарғали, Сапар және Шыңғыс. Қазір ұрпақ өсіп-өніп, тоғыз немере мен бірнеше шөбере сүйіп отыр. Жақындарының айтуынша, Рамазан Өмірзақов соғыс туралы көп айтпайтын, салмақты әрі сабырлы жан болған.
Бағдат Өмірзақов, Рамазан Өмірзақовтың немересі
1941 жылы Петропавлдан соғысқа аттанып 314 атқыштар дивизиясында соғысқан.Мен музейге барып атам туралы жазылған деректерді көзіммен көріп қаттым. Отанды қорғау газетінде атамыз туралы деректер жазылған.Сержант болып Берлинге дейін жеткені жайлы айтылған.
Жақындарының айтуынша, Рамазан Өмірзақов еңбекке адалдығымен, ұстамдылығымен ел есінде қалды. Зейнет жасына дейін Железин ауданында жылқы баптаумен айналысып, 1985 жылы өмірден озған.