12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді. Қаламыздағы жоғары медициналық колледж қабырғасында ұйымдастырылған салтанатты шарада 79 мейіргерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында 7157 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде 5459 маман — мемлекеттік медициналық мекемелерде, ал 1698 қызметкер — жекеменшік клиникаларда жұмыс істейді. Бұл — өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің негізін құрайтын үлкен күш.
Иран Шаметеков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Арнайы келіп жоғары медиуиналық колледждің жұмысымен танысып,одан бөлек Павлодар облысының денсаулық сақтау саласында жұмыс жасап жатқан орта буын медициналық қызметкерлерді құттап келіп отырмын. Себебі денсаулық сақтау министірлігінің және облыс әкімінің атынан марапаттар алды.
Мамандардың кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде. Бұл — олардың 52%-ының біліктілік санаттарға ие болуымен дәлелденіп отыр. 594 маман — жоғары білім иегері, 347 қызметкер — бірінші санатты, ал 121 маман — екінші санатты білікті мамандар қатарында. Бақыт Әділханова Ертіс ауданында ауруханда еңбек етеді. 40 жыл еңбек өтілі бар маман – өз ісінің шебері.Ол саналы ғұмырын адам жанына араша болуға арнаған. Жылулық пен қамқорлықты бойына сіңірген мейірбике жүздеген науқастың алғысына бөленген.
Бақыт Әділханова, Ертіс аудандық ауруханасының мейірбикесі
Халық аралық мейірбике күніне орай мен конкурстқа қатыстым.Конкурсты өткізген отросливой профсоюз «Сенім» және жоғары медицина колледжі ұйымдастырды. Мен бірінші орынды жеңіп алдым.
Шара барысында әріптестер кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Олардың әңгімелері — нағыз ерлікке пара-пар.
Гүлжанат Буламбаева, Ақсу қаласы ауруханасының фельдшері
Осы жұмысым өзіме ұнайды жедел жәрдемде істегеніме 16 жыл болды. Біздің жұмысымызда түрлі науқастар кездесіп жатады.Олардың ішінде жүрек ауруы, екі қабат әйелдер, балалар да бар. Осы науқастарға көмек көрсетіп өмірін сақтап қалуымыз керек. Міндеттіміз!
2014 жылдан бастап елімізде қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілді. Бұл жоба орта буын медицина қызметкерлерін тереңірек біліммен қамтып, мейірбикелік қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Болашақта бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы сапалы өзгерістерге жол ашады.
Дильназ Куанышбекова