Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылының Қызылшілік бөлімшесінде Отан соғысының ардагері, білім беру саласының үздік маманы, ардақты ұстаз Тәшім Мұхаметжановқа арналған мемориалды тақта ашылды. Бұл туралы әріптесім Қымбат Садық әңгімелейді.

Баянауыл елінің асыл перзенті Тәшім Мұхаметжановты еске алу шарасына аудандық әкімдік қызметкерлері, ұрпақтары мен ауыл тұрғындары жиналды. Ол1923 жылы Баянауыл ауданының Қызылшілік ауылында туған. Ал балалық шағы кеңестік кезеңнің қалыптасу жылдарымен тұспа-тұс келді.

Альмира Дисюпова, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Атамыз осы ауылда туған, сұрапыл соғыста майданға шыққаннан бейбітшлік өмірінде бүкіл өмірін осы ұстаздық жолына арнады. Сондықтан ұрпақтары атынан сіздерге аманат ретінде, еске алу ретінде мемориалды тақта ашылайын деп жатыр.

Соғыстан кейінгі жылдарда ел еңсесі тіктелген тұс болды. Тәшім Асайынұлы осы шақта ұстаздық қызметіне кіріскен. Оның салиқалы басшылығымен талай ұрпақ білім нәрімен сусындап, өмірге қанат қақты. Еңбегі еленіп, «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген мұғалімі» деген құрметті атаққа ие болды. Балаларының айтуынша,ол– талапшыл, бірақ әділ, қатал, бірақ мейірімді жан болған.Әр баланың бойынан жақсылық іздеп, оны шыңдауға тырысты.

Рымкеш Мұхаметжанова, Т.Мұхаметжановтың қызы

Бүкіл ауылдың балаларына тәлім-тәрбие берген, әріп үйреткен ұстаздардың ұстазы. Бір әке-шешеден үш ағайынды. Ағасы Әшім Мұхаметжанов Ұлы Отан соғсының ардагері, ұрпақтары осында қатысуда. Екінші өзі, үшінші Сафиа деген жалғыз қарындасы болған.Бауырмалдығы сондай, қай жерге көшседе қарындасын бірге алып жұріп, ағалық қамқорлығын көрсете білген жан.

Серік Мұхаметжанов, Т.Мұхаметжановтың ұлы

Әркімге әкесі мен үшін асқар тауым. Мендей жаман балаға қырықжылдық азық.Әкемізден тәрбие алдық, жалғыз мен емес. Ұлы отан соғысына қатысып келді,түгел өмірін осы жерге арнады деп айтуға болады.

Айта кетейік, мемориалды тақтаның ашылуына ұрпақтары үлес қосты. Олар осындай ардақты тұлғаны ұлықтау, есімін мәңгі есте қалдыру парызымыз деп айтады.

Бақытбек Исин, Т.Мұхаметжановтың жиен-немересі

Біздің нағашы атамыз Мұхаметжанов Тәшім Асайынұлы осы ауылдан майданға аттанып, жауынгер болып, жарақат алып, еләіне келіп, осы елінде көп жыл ұстаз болып, мектепте директор қызметін атқарды.Сондай үлкен азаматтар шықты бұл ауылдан.

Шара кейін Торайғыр ауылында, ерлер арасында өткен волейбол турнирімен жалғасты. Мұнда жүлделі бірінші орынды Торайғыр ауылы, екінші орынды Астана командасы, ал үшінші орынды Павлодар қаласынан келген команда жеңіп алды. Барлығы кубоктар мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Мұхтар Молшин, Торайғыр ауылдық округінің әкімі

Осы ашылып жатқан барлық ескерткіш ұрпақтарға қалсын деп, бұл шараны 7 мамырдан бастадық. Әкмшілк ғимаратында ардагеріміз Бишімбаев Әйткішке орнаттық. Кеше 9 мамырда ұрпақтар келіп, гүл қойды. Одан кейін әдейілеп тұрып, биыл «Тыл ардагерлеріне тағзым» деген орнаттық.

Сондай-ақ, Тәшім Асайынұылының рухына құран бағышталып, ас берілді. Осылайша жиналған жұрт ер есімі – ел есінде екенін тағы бір дәлелдеп, майданда шыңдалып, мектепте шырақ жаққан тұлға рухына тағзым етті.