Павлодар қаласының №24 балабақша бүлдіршіндері Жеңістің сексен жылдығына орай Даңқ ескерткішіне дейін жүгіріп барды. Бұл патриоттық шара биыл он алтыншы рет өткізіліп отыр. Толығырақ келесі сюжетте көріңіз.
Шара дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Балалар қолдарына гүл ұстап, жеңіс рухын сезіне отырып, Отан қорғаушыларға құрмет білдірді. Шараға ауған соғысының ардагерлері, тәрбиешілер мен ата-аналар да қатысты. Олар кішкентай балғындардың жүрекжарды ықыласын ризашылықпен қабылдады.
Айтжамал Шмидт, Павлодар қаласы №24 сәбилер балабақшасының қазақ тілі мұғалімі
Бұл шара бірінші балабақша аймағынан басталды.Онда кіші топ балалары велосипедпен эстафетаны ересек топ балаларына жіберіп, ары қарай олар Қайырбаев көшесінене дейін жігіріп, эстафетаны ата-аналармен қызметкерлерге береді ал ата-аналармен қызметкерлер Қайырбаев көшесі бойымен жүгіріп мәңгілік алау жанындағы даңқ обелистіне жүгіріп келіп, мектеп алды даярлық тобымен бірге осы жерде митинг ұйымдастырылады.
Шара барысында балалар ардагерлерге арнап өлең айтып, ән шырқап, бейбіт өмір үшін алғыс білдірді. Шара соңында қатысушылар бірлесіп естелік суретке түсті.
Сағадат Жұмабаев, ауған соғысы ардагері
Келешекте енді бұл енді аталарымызға деген тағызым. Біздің борышымыз.Алда енді соғыс болмасын бейбітшілік болсын.Қазақстанымыз тек алға басып өркендей берсін. Балапандарымыз аман болсын.Еңбегіміз жеміст болып тек, Қазақстанымыз гүлдене берсін.
Патриоттық шара барысында ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге осындай өнегелі шара үшін ризашылғын білдірді.
Дильназ Куанышбекова